Өлең: Қасым Аманжолов (Қытай қызы)

Отырып құрыш қанат самолетке,
Старт, aп шың басынан шықтым көкке,
Бір шолып ұлы Отанның кең алабын,
Көз салдым күндей күліп төңірекке.
Кенеттен кетті денем тітіркеніп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ресей жері)

Көрпе қара топырақ,
Ресейге жер біткен,
Майда мақпал - торқадай,
Тоғайы тұтас томсарып,
Қыздың қолаң шашындай,
Өңкей өрім қарағай.
Үйеңкі, шетен, барша тал,
Мүсін сұлу ақ қайың,
Бұрала біткен қалқадай .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссиміллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Қайран да менің асылым,
Жоқтамай қайтып тастайын.
О-о-у, қормалым!
Қормалым еді-ау қорғаным.
Кермеден кетті дүлдүлім,
Бағынан ұшты бұлбұлым.
Пәниден көшті бақиға,
Табылар қайдан бір күнің?!
Әкем бір қосқан досым-ай,
Мұңлық деген осы ма-ай.
Заманым болар бір сығым,
Заршылық түсті басыма-ай.
Қолымнан ұшты бұлбұлым,
Кермеден кетті дүлдүлім.
Рақымсыз ажал өшірді,
Иранбақтың бір гүлін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Бопина)

[quote]К е н е н:
Бопина, келіп қалдым тойыңызға,
Қуаныш сыймай келді қойнымызға.
Бір қолқа салдым міне қабылдасаң,
Қолымды артайын деп мойныңызға.
Б о п и н а:
Көркемжан ер жетті ме, Кенекем - ай,
Тамаша жүрген жерің, мерекем - ай!
Бақытжаның туыпты құтты болсын,
Тойымды қызық қылған берекем - ай.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Қала)

Рухымыз кетпепті аласарып,
Азаттықтың байрағын ала салып,
Өркениет аулына көш түзедік,
Алдыменен жол салып, қала салып.
Адамдықты әспеттеу — асқан әдеп.
Адам үшін бастысы баспана деп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Етекбайдың өлеңінен)

Қолдан ұстап бермейміз шырылдатып,
Бір күн қырып тұқымды бітірсе де.
Бата қылғын, ей Албан, бұған деп,
Алдымынан ғазауатқа шығам деп.
Жаманатты қылмаймын болыстарды,
Өзім жауап алдында қылам деп.
Қол көтерді дұғаға қанша халық,
Өзің медет бергейсің бір жаппар хақ.
Әскер келсе қайқаңдар бір жан қалмай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан әкем еді қорғаным,
Мәпелеп баққан қормалым.
Тұтқиыл келіп сұм ажал,
Қайғыға терең шомғаным.
Қоймадым жастық басына,
Бола алмадым қасында.
Тұтқиыл қаза болды ғой,
Сексенге келген жасында.
Көңілімнің күні едің,
Ақылымның нұры едің.
Айрылып, әке, бір күнде,
Қайғыдан әбден жүдедім.....
Өлеңдер
Толық
0 0