Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ғабит Мүсіреповке)

Ардағым Алтай - даламның асқақ төрі екен,
Таудың да тарлан таланттысы екен, сері екен.
Тау емес мынау кілең бір алтын баспалдақ,
Алланың өзі аспаннан түсер жері екен.
Төменде біздер бөркіміз бастан сырғанап ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Шырмаудан шығанға)

«Түс кеудемнен бұғау крест,
Албырт жаным көрді қысым.
Тағдыр мұндай тұман емес,
Еркіндіктің бер тынысын!
Жүрегімнен тартқан зәбір,
Иман біткен мейлі тайса,
Жоғал мәңгі жұмбақ тәңір,
Жұм көзіңді, келгір Айса!
Мүлгіген сұм, елік икон,
Құдайының сиқын қара!
Неге маған төндің екен,
Монтаны қу, сиқыр — ана?
Уа, қиялым, өршіте бер,
Дауылыңды дарқан жолға. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Жеңіс күні)

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Чапай)

Еділ, Жайық үстінде,
Торлаған қара бұлтты
Серпу үшін күшіне
Түсіп Чапай жорытты.
Патшаның торын қырқуға,
Жандаралды құртуға,
Халық үшін жан қыйып,
Түсті сыпыра жортуға. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ахау, иғай, қоңыржай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен-ау,
Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау,
Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шоқанды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шоқан сүйген жарымыз,
Жігіттің гүлі, нарымыз.
Ажалға тоқтау бола алмай,
Сарқылды қолда барымыз.
Ажал келіп қиядан,
Сұңқарым ұшты ұядан.
Сүйген жарым бүгінде
Өтіп кетті дүниядан!..
Туғаннан соң өлмек хақ,
Кімдерден дүние қалмаған?!
Не істесе Алла, еркі өзі,
Ешкімге ақыл салмаған.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жалғыз қаз)

[quote]Хан отыр ханымымен ішіп шайын,
Күтуші күң мен құлы бәрі дайын.
Қасында қырық уәзір қошеметтеп,
Дайындап қазы-қарта, бал мен майын.
Бұл ханның дастарқаны күнде топыр;
Шаш балау, алуа, шекер түрленіп тұр.
Әйелі сұлу екен көз тартқандай,
Көрнекті көркем жігіт бас уәзір.
Хан отыр шарап ішіп, көңілі мәз,
Қасында қырық жолдас пен әнші, өнерпаз.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0