Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Өзен мен Қарасу)

Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның!
Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным?
Тасисың бірде кеме, бірде салдар,
Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын.
Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ,
Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Данышпан)

Ұлы ақынның кітабын берші маған,
Достары кім суытпай хал сұраған?
Дұшпаны кім ақынға қарсы надан?
Ақырғы рет қамығып қарағанда
Кім түсініп жүрегін қансыраған,
Кім сүртті екен көз жасын тамшылаған?..
Даналыққа кез болған дайындықсыз
Шулы тобыр, ерсі орта, көрші-қолаң.........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жалыннан жаралғандар)

О бастан-ақ парасат, ой дарыған
Біз боламыз жарқын қыз,
Жайдары ұлан.
Біз — жалынбыз өшпейтін мәңгі бақи,
Біз — комсомол жел ескен айдарынан!
Біз — комсомол:
Күштіміз,
Қарымдымыз.
Қолтықтаған құрбымыз — дарынды қыз.
Алқынуды білмейтін арғымақпыз,
Ауыздықпен алысқан арындымыз.
Біз — комсомол:
Ауылдан,
Шаһарданбыз.
Артқан жүкті алысқа апарғанбыз.
Спортында — әлемдік чемпионбыз,
Ал майданда — қып-қызыл қаһарманбыз!
Даңқты жол — біздердің өткеніміз.
Музейлерде қайла мен кетпеніміз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Аңдар неге араз?)

Жаңа жылдың тойында
Жақсы күлкі, ойын да.
Тамашаға жиналды
Қарсақ, Қасқыр, Қойың да.
Қара жердің кең үсті,
Қоялық та керісті,
Деп барлығы бас қосып,
Дос болуға келісті.
Аңдар біткен қаптап кеп,
Айтылды жыр, тақпақ көп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Таң)

Жарық болды, бозарып, міне, таң атып,
Биік тауға сәулесін тегіс таратып.
Үнсіз тоғай көгере жана бастады,
Айнадай суға көлеңқе түсіп тағы атып. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сағыныш екен бала кез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап қалды-ау қара көз.
Алаулай атқан таңдармен
Келмейді-ау сол бір бала кез.

Тырналар ұшып өткенде,
Түседі-ау еске бала кез.
Қызғалдақ көрсем көктемде,
Түседі-ау еске қара көз.....
Өлеңдер
Толық
0 0