Өлең: Мұқағали Мақатаев (Европа)

Үңгірінен құлдардың,
Ұйқы басқан көне індерден,
атыла шықты, жатпады,
Таңдандырды өзін де,
Жайдың оғын атқаны,
Карөлдерді қылғындырып,
қоқыстарын таптады .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Қара теңізде)

Мына әлемде мазасыздық ұлғайған
Сен де тулап жатырсың ба түрлі ойдан?
Қаратауды түсірдің ғой есіме,
Қара теңіз, есіміңді кім қойған?
Шаншыласың көкке суды жарып тік,
Шамырқанып шашырайсың, жарықтық!
Екеуіңе қара деген сөз ортақ,
Ортақ сосын сұстылық пен алыптық.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Партбилет)

Ол келеді
Аттап алға,
Аттап алға,
Барады ол.
Әлсіреген
Басқан әрең,
Үстінде қан
Жаралы ол.
Жар алы ғой,
Жатар ма екен?
Ала бөтен Кім өзі?
Осыншама.
Неге ашынды,
Неге ашулы Мінезі?
Не бар екен
Сонда есінде,
Кеудесінде,
Оқ жатыр. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров («Еңбекші қазақ»)

«Еңбекші қазақ» он жасар
Октябрьдің ұлысың.
Октябрьдің әскері,
Партияның тілісін.
Тіл дегеннің мәнісі
Большевиктер бастаған,
Күрескен көптің үнісің
Кешегі отар орнына
Құрылған Қазақстанмен
Бірге сенің туысың.
Ұдайынан он жылдай,
Сол жаңа елді жасауға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Есілге)

Көкше мұзды суық сұр
Құрсап қатқан Есілге,
Мұңмен қарап сұлу тұр,
Кім түсті екен есіне?
Сүйенгені — сары ағаш.
Солқылдайды суылдап,
Сүймек боран есуас
Құшағына сұлуды ап. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қанды қыран)

Әлемге қанды қыран жайды құшақ,
Қап - қара дауылдата бұлтқа құсап,
Темірден тегеуріні құрыш қанат,
Шақырып жүр төбеде пышақ! пышақ!..
Тұмшалап төңіректі алған тұман,
Құлаққа үн келеді ыңырсыған......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ дариға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бүлдірген (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қонғаны аулымның ой болса екен,
(Қорадан өріп шығар қой болса екен.)
Ойдан төмен жайылған қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен.

[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген......
Өлеңдер
Толық
0 0