Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)

Саумын, әзір, сәулетай,
Сағындым да жаздым хат.
— Жүргенім — Ертіс өзені,
Мінгенім — «Алтай» бұрахат.
Мүсәпір болдым, кез болдым,
Сағындырған саяхат.
Көрмеген жер, бөтен ел,
Көргенің бір рақат.
Жазылып жаңа келеді,
Жанға түскен жарақат. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Кек дабылы)

Кеудемізде кек қайнаған,
Кекпен өзен отқа айналған,
Қаһарлы айқай салған шуды,
Дүниеде кім ашулы?—
Біз жігіттер— біз ашулы!
Біз ашулы, намыс оты
Бойды өртеген, жалын қысқан.
Ашындырды, арға тиді .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (12-декабрь)

Күнінде ұлы тойдың бойды кернеп,
Лапырып арнасында шабыт өрлеп,
Толқындай бұлтты сөгіп көзге ілікпей,
Бұлқынып асау қиял құлаш сермеп.
Жорғалап желмаядай жер-су баспай,
Нөсерлеп төгіледі өлең селдеп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қыр қазағы)

Шопан, Диқан -
Еңбектің озаттары -
Жасандылық дегеннен азат бәрі.
Басылады көргенде көзіме оттай
Бауырмалшыл ауылдың қазақтары.
Заманы емес айылдың,
Құйысқанның,
Самолетпен
Алдында күміс таңның.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)

Ертеңгі сыйды кім білген,
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой......
Өлеңдер
Толық
0 0