Өлең: Қалижан Бекқожин (Партизан анасы)

Есіз үйде отыр ана,
Күйген жұртта қалған қу бас.
Бар серігі жалғыз ғана
Қасындағы күйелі ағаш.
Отыр жұртта жалғыз өзі,
Қураған бас түскен төмен.
Күйікпенен жанды өзегі,
Қайғысы — өзен түпсіз терең.
Аруақтай сүлде ғана,
Солған жүзі қу кебіндей.
Баққан соны шыр айнала,
Ажал шіркін түр көрінбей.
Қан көзіне күн астынан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қария мен дария)

Алтын сақал омырауын алқалап,
Қария тұр қабағынан ой тарап.
Күркірейді орғып долы дария,
Аласапыран толқындарын арқалап,
Шал сөйледі күліп қана мұртынан:
«Уа, бүлікшіл жарға сыймай бұлқынған,
Білмейсің-ау...
Батыр қолдар түйіліп,
Келе жатыр төніп сенің сыртыңнан».
Саған шоқ-шоқ!
Неге есіріп тасыдың?—
Батты маған сенің кесір-асырың .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Октябрь екпіні)

Тарихтың жүрдек арбасы
Ұшады даңғыл жолменен;
Трактор,балға,пулемет
Қарулы қалың қолменен.
Паровозшы - партия Алысып
«Он,» мен,«Сол» менен.
Айнала жау,Жол қиын
Тарихтың алды өргелең!
Октябрьден жөн тартып.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге)

Уа, хұрметті ұлы съез!
Баянды болсын қадамың.
Басын қосып отырсың, —
Байтақ жатқан елімнің
Игі жақсы адамын.
Сөз сөйлейін термеден,
Еліммен бірге азат боп
Жерім шыққан көрмеден, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Халық қазынасы)

Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай,
Төрт түлігі мыңғырған,
Егісі көз тұндырған,
Тауы тола кенге бай,
Москвадан барып ашылған,
Көрікті біздің көрме бай,
Ел байлығы тұтасқан
Жерді қаптай, ерді орай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Октябрь толғауы)

Добырамды қолға алсам,
Айналама көз салсам,
Ағыл-тегіл жыр келер,
Қартайған бұл шағымда
Қанат бітіп Жамбылға,
Халайықтың алдында,
Қасқа шекті, жыр етіп
Жыйырма екі жылды егер;
Ұлы — тойым — Октябрь.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Өрік ерте гүлдейді)

Түрлі-түрлі сыбаға, сыйлық ғұрып...
Біреу жабы, біреулер жүйрік мініп
Жүрген өмір заңында шаруасы жоқ —
Көктем келді биіктен билік құрып.
Көктем өктем патшадай шешім құрып,
Көрсетеді жомарт сый, тосын қылық.
Ағаштардың кигізіп көк көйлегін,
Қыс киімін қыздардың шешіндіріп.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ая София)

Бұл сарай — сәулетімен бірге өзінің
Қоңырауы мезгілдің бір кезінің.
Түйсігі туа бөлек жүрек керек
Түсініп тыңдау үшін күмбез үнін.
Бар ма екен адамзатта бүтін бауыр,
Бір кезде жолықпайтын үкімге ауыр?
Киелі қабырғалар арасынан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазады
Көптеген оқушылар: бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазады
Кейбір оқушылар: бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап өздігінен жазады ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0