Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық)

Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық.
Таза талап талпынып ойды айдаса,
Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық.
Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Шiрiп, тозып тартқызар ол бiр зарлық. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері (22 наурыз мейрамы)


Қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күні қарсы алады. Сол күні даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер, ел ішіне төмендегідей самалық айтуды дәстүрге айналдырған.
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ұмытпан Сары жайлау)

Ұмытпан Сары жайлау, салқын кештер,
Аспанда ала бұлттар - алтын көштер,
Сендер де серілікті сағынғанда
Аунаған бауырында ақынды ескер.
Тауларым гүл омырау, шалғын иық,
Жырымды тыңдап едің балқып ұйып. ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ)

Құлан жылқы зауытында туған әсер
Көз қадамай өте алмайтын әркім-ақ,
Тұрпатымен көре қалған жанға ұнап,
Тұлпарларды өсіретін заводта
Тұрды ерекше сүлік қара арғымақ!
Жасаған-ай, әрі жомарт, әрі ұста!
Дүлдүл тұқым даңқы кеткен алысқа.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Освенцим)

Алдымда тұр көрініс жан шошырлық,
Ошағы бұл дозақтың жаңа сөнген.
Мұнда өртелген жас өмір, миллион тірлік...
Жандар рухын бұл жерге күлмен көмген.
Күнәсіз қандар иісі мұнда аңқыған,
Құпия ыңырсыған мұнда өліктер.
Адамдардың сүйегі шала жанған .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы)

Сәріде бүгін ояндым,
Есітіп бұлбұл дауысын.
Тамылжып шыққан баяу үн,
Тербеткендей тау ішін.
Сүйемін көктем бұлбұлын,
Сүйемін көктем жаңбырын.
Жаңбырдай елге бұл жырым,
Жөнелсін алып таң жырын.
Бұлбұл да мүмкін бағында
Сайраған шығар сұңқылдап.—
Күлімдеп келген тауыма,
Көктеммен ғажап сыр тыңдап. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Бөз орамал)

— Живописьтің тұла бойы тұнып тұрған тарих,
Живописьті көзбен емес, көңілмен де танық.
Живопись — ол айғайлаған өлеңі емес ақынның,
Сыры ішінде, тілі ішінде өрнегі той ақылдың!
Мені біл деп, мені көр деп, даңғойланып жатпайды,
Көрген сайын құпиясын тереңірек сақтайды.. .....
Өлеңдер
Толық
0 0