Өлең: Күләш Ахметова (Өлең дәні)

Хал қалай, ақын қауым?
Бірде араз, бірде балдай тату қауым?
Қыл көпір үстінде де қиянатты
Қиындау болатұғын мақұлдауың.
Шығармай келгенде де үнін шындық,
Шындық деп шырылдаумен ғұмыр сүрдік......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанды асырау)

Жаңармау деген ауру,
Жаңалау жанның тілегі.
Соңырқау қанның жүрегі,
Жапырақсыз ағаш қу емен.
Айбар қылып «арам» мен,
«Адал» менен алдалау,
Азаттық емес, жан қамау,
Адамдыққа несі тең.
Біреуді біреу сүю бар,
Ол - от, ол - күн, ол - көңіл......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Белгісіз хат)

«Ақ білегің ұстасын да қара көзің оқысын.
Көрдім соңғы махаббаттың жанға батқан соққысын.
Көп кешігіп жолдадым мен, сол орында бармысың сен, жоқпысың?
Сен болмасаң, қадір білер, сөз бағалар
Бір пәндеге сәлемімді жолықтырсын!
Сондағы жолаушы» ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мешін және Адам)

— Бала мешін қаршадай
Бос белбеу боп өседі.
Жұмыс істеп шаршамай
Жеңіл тұрмыс кешеді.
Суық ұрып лезде
Сойқанды бір салады.
Талай мешін сол кезде
Талғажаусыз қалады.
Сендер бірақ секеңдеп,
Сүзілмеңдер басқаға.
Туған жерді мекендеп,
Тұрғызыңдар баспана......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қол бастаған батыр)

Жүректе оты жанған жігіт едің,
Атаның алып қалған үміт – кегін,
Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға,
Қазақтың қайсар ноян жігіттерін.
Еріндей ертегінің қайта туған,
Ашуың атқан толқын айбатыңнан;
Кегінен қалың қазақ қайнап жігер,
Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....
Өлеңдер
Толық
0 0