Баласымен келеді ана Түн ішінде тас қараңғы. Атылған оқ, қанды дала Толған үрей басты маңды. Басты маңды толған үрей, Жас баланың түсі қашты. Қорқыныш па әлде дүлей, Көрді нені, бала састы. Елестеді көз алдына, Түсі суық әлде біреу. Нендей пәле, қандай ғана .....
Арасында үйлердің Зіл - зала боп қираған, Ақтарып соның күйгенін, Жоқ іздеп жүр бір адам. Қалдым қарап кідіріп, Кім екен деп сол адам. Құшақ жайып жүгіріп, Келе жатыр ол маған. Сүйкімді жас капитан, Құшақ жайып жүгірген. Көзіме оттай басылған, Досым екен білдім мен. Төрт жыл болды, көрмедім, Сағыныппын досымды. .....