Сәлем бердік, Бейтаныс жолаушылар! Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар. Анау қырдың астында менің аулым, Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар. Менің үйім жылғаның жағасында, .....
Екі тәулік өткенді, Ата бүркіт аш қалды. Қия тартып бөктерді, Қия тінтті тастарды, Күз ығысып кетті енді, Қиямет қыс басталды. Азық табу оңай ма, Ақ иығын талдырды. Аңдар ытып тоғайға, .....
Болар де елең дап - дайын, Тыңдамай - ақ бұлбұлды. Білмей - ақ сұлу мән - жайын Жазар едім бір жырды. Өсіп, өмір сүргенім, Өз көргенім өзіме; Өз өткізген күндерім, Көрінеді көзіме. Өткізген күн, өткен күн, Көз алдымда бұлаңдап, Неткен жақын, Неткен сұм, Алдай ма, тым жылмаңдап?.....
[quote]К е н е н: Көсем адам сөз бастар, Көпті көрген жол бастар. Батыр адам қол бастар, Көсем серке қой бастар, Ақын адам той бастар, Ал, тыңдаңдар, жолдастар! Қордайдағы қос ақын Қозғамаса болар ма! Домбырасы — жан жолдас, Қолға алмаса болар ма.......[quote]