Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері)

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шәйір және шаруа)

Жасырмаймын;
Мен аса
Шеттеу кетпей тегімнен,
Шәйір болып тумасам,
Шаруа болар едім мен.
Артық нәрсе шашылып
Жатпас еді ауламда.
Мәз болар ем
Ғашығым
Күнде сиыр сауғанға.
Солай бол деп әр үйге
Берер едім тәрбие........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Алуан палуан)

КӨТЕРГІШ КРАН
Кран деген бек қызық:
Басын бұлттан өткізіп,
Тұрады ылғи
Тұмсығын
Тура көкке жеткізіп.
Бір күні өзің келіп сен
Белдесіп көр, желіксең.
Түу аспаннан шығасың
Тіліне бір іліксең.
Жалқау емес сұлаған,
Жұмысшыға ол ұнаған.
Ерте шығып ұядан,
Кеш батады күн оған. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты)

Қолыма қалам алып өлең жаздым,
Болмады бұрынғыдай, заман, аздың.
Ойыма қайран елім түскен шақта
Сарғайып уайыммен өлең жаздым.
Сағындым осындай-ақ қайран елді,
Зар күйге салды құдай біздей ерді.
Құданың құдіретіне кім көнбейді,
Бүгінгі бозбаланы қайғы жеді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы сағатта)

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.
Жасарымды қанша жыл білмеймін мен,
Түсінем бірақ жалғаннан өтерімді.
Аянышты үн шығып жүрегімнен,
Көз жұмып мәңгі ұйқыға кетерімді. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс пен шаттық)

Жеңіс пен шаттық сенің атыңды атап,
Тойыңа осы өлеңді тартады қарт,
Жырымның өр дауысты қыранысың,
Мен де шат, мендей және халқым да шат!
Ажарың алтын сәуле атқан таңдай,
Сөйлемен дабысыңды домбыра алмай .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Той басталды)

[quote]ЬІбырайым Жайнақ ұлы той бастады,
Губернатор, ояздар ойқастады.
Қақанов, Қалығұл мен Төлембайлар,
Мұсақан, Қыразалы жолдастары.
Құмда мен Беларықты тамаша етті,
Сарала шеркеу жаққа үйлер тікті.
Қыз қуды, көкпар тартты, құстар салды,
Ат шауып, балуанды балуан жықты.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0