Өлең: Мұхтар Шаханов (Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы)

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Заводта)

Қабат - қабат салынған,
Бөлек - бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған,
«Тұр, жұмысшы, киім ки!»
Деп, гудогі гүрілдейді.
Ұршықтар ойнап, билеп би,
Дөңгелектер дүрілдейді.
Машинада қоңыр күй... .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазыма

Ұстазым, жарқын жүзді асыл адам,
Әсерлі айтқан сөзі жақын маған.
Ең алғаш қалам ұстап, әріп танып,
Сен арқылы әлемнің сырын ұғам.
Тақпақтар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жар есіне!)

Қиял - күш, ашу - батыр, ақыл - шабан,
Аймалап адал жүрек төнген саған.
Төрт бұрышын төңіректің шарласам да,
Сендей жар жанға жайлы қайдан табам?
Жас жүрек өз жұбайын таппады ма?
Адамдық ардан тайып аттады ма? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Халық әні)

Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен
Даналыққа, адалдыққа
Сен деген —
Жігерлі де нәзік әнсің!
Ұшы жоқ, қиыры жоқ боз даладан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №3 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан туралы өлең шығару №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу
1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен қатесіз жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0