Өлең: Күләш Ахметова (Халық)

"Жасаған, әуелі халықты аман сақта,
халық ішінде қалқайтып бізді аман сақта".
(Әжемнің ұйықтар алдындағы дұғасынан)
Өз Отанын келетін танытқысы,
Халықта көп кеудесі жарық кісі.
Халық даусы қашанда айбынды, асқақ,
Қай кезде де қаһарлы халық күші.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кер бие торы құлын)

Ауылым тұрған көктеп,
Асы жайлап,
Пендені жүреді екен нәсіп айдап.
Бөктерге жазға салым түсіп қонып,
Қой қоздап ақ шықты ғой, сүтке аймақ.
Ауылым Асы жайлап,
Түрген көктеп,
Жүр едім жауыр кер биеге жем-қом ептеп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бүтінбаев Нұржан (Ол енді жоқ...)

Ол енді жоқ ...
Маған мәңгі болды арман.
Армандаумен өтер ме екем жалғаннан ?
Бағаламас баға жетпес сезімді,
Құдай - ау ол құлаққа ілмес сөзімді,
Тауысатын таусылмайтын төзімді,
Күндерім ай.......
Өлеңдер
Толық
1 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұлылар мен орташалар)

...Міне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күліп алдан,
Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан.
Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған,
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған.
Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған.
Мынау марғау дәуірдің де орташалар — сүйенері,
Биліктегі бастың көбі — орташа ақыл иелері. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Туған күн)

Әрқилы өздерінің тірлігімен,
Адамдар бөлінеді бір-бірінен.
...Қош, Ана,
Жаратылыс жазғаннан соң
Өзіңнен бөлініппін бір күні мен.

Ай анау – тіршіліктің аспан шамы,
Күнің де бізбен жиі бас қосады.
Олар да біздерменен...
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп)

Күт мені, сәулем, ұзақ күт,
Қайтармын, сау келермін,
Көңіліңе сеуіп ой күңгірт,
Өтсе де күт, нелер күн.
Қар жауар мүмкін бұрқырап,
Өрті бар мүмкін кез келер,
Күте түр, сәулем, сен бірақ,
Ұмытса да өзгелер.
Хат келмей менен қажытар,
Кетер талай күн ұзап,
Ұмытса мейлі басқалар,
Күте бер мені өзің - ақ......
Өлеңдер
Толық
0 0