Өлең: Күләш Ахметова (Ақын)

Құдіреттеніп құйылғанда ұлы ақын,
Гераклдей күшті әрі ірі — ақыл.
Күңіренеді қобыздайын аңырап,
Тебіренеді теңіздейін сұрапыл!
Көздерінен Күн шашырап маздаған,
Сөздерінен мұң шашырап боздаған.
Туғызады таң ғаламат суреттер
Сикейростар, Сальвадорлар жазбаған.
Аспан жақтан шабыт қонған шақта оған,
Ақ қағазға құйылады аппақ ән.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Тақпақ: Алғашқы қар

Күзде иіні жұтаған
Қыр көмілді ақ қарға.
Майыстырып бұтағын,
Ақ тон киді бақтар да.

Жылғалардан қақ көрдім,
Жатыр шеті шетілмей.
Дала жаңа дәптердің
Жазылмаған бетіндей.
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өлең жазу Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Өлең жазу. Көптік жалғаулар.
Оқу мақсаты: 3.7 Қатені табу және түзету
Сабақтың мақсаттары: 2.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
2.4.2.2 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Ұстаздарды ардақтап,
Сыйлайық біз оларды.
Бізге берген біліммен
Өрлейік біз шыңдарға.
Тақпақтар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі табиғат)

Іңірде тұрмын қарап ойға қалып,
Тәтті қиял тулайды жүрек жарып.
Ұйықтаған бар табиғат майда лебі,
Аймалап өтіп жатты бетті шалып.
Ай қалқып, тұнық көкте жұлдыз да тұр,
Тау қалғып сақтағандай құпия сыр. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)

Телқоңыр қайтып кетті елге таман
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!».....
Өлеңдер
Толық
0 0