Өмірбаян: Еркебұлан Дайыров Мұратұлы (1986 жылы 12 тамыз)

Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — актер. Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2015). ҚР Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Еркебұлан Мұратұлы 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда дүниеге келген.
2004 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Мамандық – өмір таңдау

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Эсселер
Толық
0 0

Өмірбаян: Қыдырәлі Болманов Нұртайұлы (1964 жылы 19 мамыр)

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — әнші, продюсер. Философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).
Өмірбаяны
Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
Қоғамдық жобалары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
1 0

Шығарма: Салауатты өмір салтын сақтайық

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз....
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мөлдір Әуелбекова (10 тамыз 1986 жылы)

Мөлдір Әуелбекова (10 тамыз 1986 жылы, Тараз қаласы, Қазақ КСР) — Қазақстанның танымал әншісі және актрисасы, тележүргізушісі. 2012 жылға дейін «КешYou» тобының құрамында болды. «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» атты кинодағы басты рөлдің бірін сомдаған.

Өмірбаяны
Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жеке әнші, тележүргізуші, актриса. Отбасында әкесі Есіркеп, анасы Кәмшат, үлкен әпкесі Меруерт және інісі Ерсұлтан.

Тараз қаласындағы №49, №36, №30 мектептерде оқыған. Бес жасынан гимнастика, таэквонда, дзюдо, жүгіру, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлеріне әуес болған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0