Әңгіме: Мамандық бұл сіздің өміріңіз


«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қабылданған дұрыс шешімдерім менің өмірлік ұстанымым

Менің өмірлік ұстанымым-шәкіртіме шынайы білім мен тәрбие беретін ұстаздық мамандық. Бұл мамандық менің мойныма тағылған қасиетті тұмарым.

Шәкірт атаулыны өз жанына серік еткен маман иесін яғни, ұстаздарды былайғы жұрт қоғамдық ойдың көшбасшысы деп қабылдайтыны сөзсіз. Иә, шәкіртінің жүрегіне білім мен тәрбиенің ұясын сала білген қарлығаштардың қоғамдағы рөлі де өзгеше. Жұрт «шәкірттің санасына білім мен тәрбиенің шамын жағып, қараңғылықта жарық сәуле беруші күн» деп құрмет тұтатын оларды жақсылыққа жақ болып, жамандыққа қас болатын, әділдіктің туын көтеретін және сол жолда ұшқыр ойы, патриот мінезін қасқайып тұратын белсенді топқа қосып, оны өзінше қадір тұтады. Осындай ұстаз атты ізгіліктің иесі болу кез келгенге бұйыра бермейді. Білімді де тәрбиелі ұрпақты өсіру өзінің жүріс-тұрысымен , әдепті де сыпайы мінезімен ,сауатты сабағымен шеберлік таныту таудай талапты қажет етеді.

Менің өмірлік ұстанымым – таудай талапты қажет ететін мамандық , ұстаздық мамандық және осы мамандық бойынша шәкірт жүрегінен орын тауып тәрбие мен білімнің дәнін егіп көгерген жасыл ағашқа айналдыру,жақсы адам болып шығуға тәрбиелеу, өмірдегі қабылдаған дұрыс шешімдерімнің ең бастысы болып табылады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмір алма кезек

.Бірде қаладағы колледждердің бірінде 4 жыл оқып танысқан, екі дос болыпты. Біреуі клуб, түңгі көше дегеннен аулақ жүретін, ай сайын оқудағы айлық бағаларын тапсырып тастап, өз ауылына асығатын қарапайым ауылдың жігіті екен. Ал екінші дос керісінше - клуб, көше, әр қыздармен жүру баққаны, ал ауылдық жерді жақтырмайтын қаланың жігіті екен.
Ауылдың жігіті - сабақ үлгерімі нашар болыпты, бірақ қарапайым ауылдың жұмыстарына қолы епті екен, ауылында мал бағып, егін егіп күн көреді екен. Ал қаланың жігіті керісінше - сабақ үлгерімі жақсы болыпты, айлық бағалары толған 5 екен, бірақ 5 болғаны не керек - ай сайын ақша қыстырады екен, жұмыс жасауға икемі жоқ, баққаны оңай олжамен ақша тауып, бар ақшасын қайдағы жоқ клубтармен қыздарға береді екен......
Кеңестер
Толық
0 0

Өмірбаян: Ермахан Ыбрайымов Сағиұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.
1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998) ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша реферат: Омар Шораяқұлы (1878 - 1924)

Сыр бойы ақын-шайырларының бірі «Омар Шораяқұлы бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезіндегі Аққыр болысына, қарасты 12-ауылда (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) 1878 жылдың 22 қазанында дүниеге келіп, 1924 жылдың 12 маусымында өмірден......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Судың адам өміріндегі маңызы (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Судың адам өміріндегі маңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
Сабақ мақсаты: Тыңдалым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздермен танысады. Мәтінді мұқият тыңдау барысында тірек сөздерді анықтайды. Тірек сөздер бойынша мәтінге ат қояды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша реферат: Қоңырбайұлы Ағыбай (1802 - 1885)

Қоңырбайұлы Ағыбай (1802–1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері — Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80–90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта......
Рефераттар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз өмірдің гүліміз

Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.
Міндеттері:
1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.
3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілер сахнаға шығады.
1 - ші жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.
2 - ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0