Ғылыми жұмыс (жоба): Химия | Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау

Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Айта кетерлік қазіргі уақытқа дейін бұл жайында ғалымдардың зерттеулері аз емес, дегенмен хромотографиялық әдіс топырақтың құрамындағы барлық компоненттерді анықтайтын ең нақты әдістердің бірі, ал бұл әдіс жаңа әдістердің бірі болып табылады.
Топырақ құрылысының бүлінуі және де құрамының бүліну себептері мұнай көмірсутектерінің топыраққа көп мөлшерде түсуімен тікелей байланысты. Ал мұнай көмірсутектерінің топыраққа түсу себептерінің маңыздыларын қарастыра кетсек:
1) Мұнайдың шығарылуы және оның тасымалдануының өсуі;
2) Мұнай өнімдерінің апаттық және жасырын төгілуі;
3) Бұрғылау арқылы мұнайды алған кезде топырақ құрылысының бүлінуі т. б.;
Мұнай көмірсутектерін топырақтың құрамынан анықтау қазіргі таңда алға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Мұнай көмірсутектерін топырақтан анықтау қиын процесс, яғни топырақтың құрамын зерттеу өте қиын процесс екендігін ескермегенде оның құрамына түсетін мұнай көмірсутектері әр түрлі қосылыстан құралған күрделі құрамды әрі күрделі құрылысты болып келетіндігі зерттеу процессін айтарлықтай қиындатады. Сол қиындықтарға қарамастан күрделі кешенді анализдер және қазіргі заманғы жетістіктер топырақтың құрылысын, құрамын тегістей дерлік зерттеуге мүмкіндік береді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ілияс Есенберлин (1915 - 1983)

Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. Еңбек жолы
Арғын тайпасы Қуандық руының байдалы бөлімінен шыққан.
1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы,
1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,
1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор,
1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы,
1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы,
Шығармашылығы
І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» Өмірдің мәні (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» Өмірдің мәні
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Қарақат Әбілдина (1978 жыл)

Әбілдина Қарақат - қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны
1978 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Қазақ.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Домбырамен халықтық ән айту» классын педагог, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісовада; орындау шеберлігі бойынша аспирантураны (2004) педагог, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновта бітірген....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0