Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.
Пешке от жағып, маздап кетсін деп, оттыққа бір уыс сабан тастайды. Сонсоң барып шөгенге бұршақ сала берген еді.......
«Менің үйім - менің бекінісім» сонымен бұл шындық па? Біз үйімізде өзімізді толық қауіпсіздікте сезінеміз, тіпті сезіктенбейміз, біздің үй - бұл өнеркәсіптік өндіріс, күнделікті бізді уландыратын. Ғалымдардың айтуынша, үйлердің топталып орналасуы ауаға зиянды және улағыш химиялық заттар 2 - 5 есе көп, көшеге қарағанда. Жеке токсиндер ауа бойымен ластану деңгейі, кейбір пәтерлердің ішінде 70 есе жоғары сыртқы бөлігіне қарағанда. Ал біз баспанада уақыттың 90% дейінгі бөлігін өткіземіз. Бірінші орында баспананың ішкі келбеті оның тұрмыс тіршілігі әсер етеді. Біз бөлменің безендіруі, оның жайлығы мен ыңғайына назар аударамыз. Үйді безендіруде қолданылатын материалдар тұрмыстық техника. Жиһаз, газ плита және бөлме өсімдігі тұрғындарға кері ықпал етуі мүмкін. Осы жұмыстың басты мәселесін анықтайды. .....
Оңдасұлы Базар, Балқы Базар (1842–1911) — жырау. Қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Руы — шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен бидің ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап......
Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азматтың қажыр-қайраты, намыс жігері т.б қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата-аналарымызды сыйлап, қастерлеп жүргеніміздің ешқандай айыбы жоқ. «Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі», «Ана- бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан», «Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын.......
Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі. Қазақ елінің ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептеледі. Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан әр адамның «менің саулығым менің ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал. Бұл орайда педагог қауымының алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білікті де білімді, саламатты өмір сүре алатын тұлға қалыптастыру. Жан мен тән саулығы ақыл - ойдың, сананың алтын арқауы екенін бүгінгі күн де дәлелдеп отыр. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек. Бұл бағытта балабақшамызда біршама оң істер тындырылуда. Балабақшадағы әрбір іс - шаралар осы міндетті шешуге бағытталғанда ғана саламатты өмір салтанат құрмақ. Біз саламатты өмір салтын былайша анықтаймыз: 1) саламатты өмір салты - ол жеке адамның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру салты; 2) саламатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу шараларының кешені. .....