ҚАЙДАРОВ Әмен Әбжанұлы (3.6.1923 жылытуған, Қарағанды облысы Нұра ауданы) – кинорежиссер, суретші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген соң «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдарының редакцияларында жұмыс істеді. 1958 – 65 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетінде оқыды. 1965 жылдан.......
Дүйсенбі «Әлеуметтік орта» 1. Мүсіндеу Ермексаз әлемі 2. Орыс тілі Я – это кто? 3. Дене шынықтыру Спорт залымен, ҰОҚ - дағы қауіпсіздік техникасымен танысу 4. Музыка Менің музыкалық әлемім 5. Өзін - өзі тану «Өзін - өзі тану әлеміне» саяхат
Сейсенбі 05. 09 «Денсаулық» 1. Математика Танысу. Не қайда орналасқан? 2. Дене шынықтыру Денсаулықтың құпиясы 3. Орыс тілі Мой автопортрет 4. Сурет салу Мен сурет саламын! 5. Ойлан, тап! Винни Пух. .....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика. Сабақтың тақырыбы: Құндылықтың адам өміріндегі рөлі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар құндылықтар туралы екітүрлі стильде жазылған мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің стильдік әрі жанрлық ерекшеліктерін таба алады. Сабақтың мақсаттары: 8.2.4.1. – тақыры ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдау....
Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға биыл 71 жыл. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік есте қалатын күн.. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Бүгінде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған еліміздің барлық қалаларының, саябақтарында, көшелерінде шағын аудан, ауылдарында олардың ерлік, ержүректілігіне арналып, ескерткіштер қойылған. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердің азаматтары сияқты біздің елдің де ер азаматтары мен қыздары бірінші күннен соғысқа қатысты. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс еліміздің қаншама адамдарының өмірін қиды, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай жұмыс істеді. Елімізге төнген үлкен қауіп соғыс барлық адамзат баласын біріктірді. Осы барлық халықтың бірігуінің арқасында Жеңіске жетті. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Солардың бірі менің Мусин Хамзе атам. Соғыс басталғанда ауылдың ер азаматтарымен бірге соғысқа аттанған екен Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Мен өзімнің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін......
Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.
Өмірбаяны Орта жүздің Тарақты руынан шыққан. 12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның су ресурстары. Су – өмірдің нәрі. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.1.1.- тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды салыстыру Сабақтың мақсаттары: Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтайды.....