Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы


(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)

Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.

Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.

Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша реферат: Саңырық батыр Тоқтыбайұлы (1691-1740)

Саңырық батыр Тоқтыбайұлы (1691, қазіргі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы маңындағы Ағыбай қыстауы – 1740, Арыстанбаб кесенесі маңы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батыр, қолбасшы. Ұлы жүздің Ошақты тайпасының тасжүрек руынан. Әкесі – Тоқтабай да батыр болған. Ол кісі кезінде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (ӨМІР – ӨЗЕН)

Өмір өзен арнасы мен тоғысқан,
Өмір өзен толқынымен жарысқан.
Өмір өзен ағып жатқан тоқтаусыз,
Өмір өзен өтіп жатқан білінбей.
Өмір ғажап, атып жатқан әр таңың.
Өмір ғажап, өтіп жатқан әр күнің.
Өмір өзен қос жағадан....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Салауатты өмір салтын сақтайық

Салауатты өмір салты дегеніміз — дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді. Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді. Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол.

Кез келген адам аман-сау жүргісі келеді. Денсаулық дегеніміз — тек биологияға....
Эсселер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу
Оқу бағдарламасына сілтеме:Ж2. Эссе жазу
Сабақтың мақсаттары:Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0