Өмірбаян: Жақсылық Үшкемпіров Әмірәліұлы (1951 жылы 6 мамыр)

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша реферат: Сыпатай би Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68)

Қазақ халқының рухани биіктігі мен біліктілігінің куәсі- бай фольклоры мен жазба әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тууы мен қалыптасу, даму жолдары оның белгілі өкілдерінің шығармашылықтарын зерттеуде айтарлықтай іс тындырылғаны да белгілі. Қоғамдық санаға байланысты дамып, өзіндік арна тартқан әдебиетіміз әлемдік деңгейге көтерілген ұлттық қазынаға айналуда. Дегенмен, әлі де зерттелмеген, арнайы зерттеуді қажет етер мұраларымыз......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763)

Сырымбетұлы Хангелді - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі –Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Көнекөз кәриялардың, батырдың қазіргі ұрпақтарының айтуына қарағанда, оның аты Хангелді емес, Қангелді көрінеді. Бала анадан шыр етіп жерге түскенде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Әбдіжаппар Әлқожа (1992 жылы)

Әбдіжаппар Әлқожа 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың кенжесі бала күнінен әнге құмар боп өседі. 6-сыныпта оқып жүргенде туған әпкесі Роза Әлқожа Әбдіжаппарды Алматыда ұйымдастырылған «Әнші болғым келеді» концертіне қатыстырады. Бұл Әбдіжаппардың Республика сарайының сахнасына алғашқы шығу еді.
Әбдіжаппар 9-сыныпты бітірген соң, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің «эстрада және вокал» бөліміне құжат тапсырмақшы болады. Алайда, бұл мамандыққа оның жасы жетпегендіктен, «актерлік шеберлік» мамандығына түседі.
Әнші 2011 жылы әпкесі Розаның алғашқы жеке шығармашылық кешінде сонымен бірге «Ақ тілек», «Иман келтіру» әндерін орындап, сахнаға шықты. Осы қадамнан кейін ол өзінің жеке әндерін жаздыра бастады. Ал, былтыр Республика сарайында өзінің жеке концертін өткізді. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0