Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер - құрылыс факультетін бітіріп, 1964 - 1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980 - 1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін «Маңғыстау мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта «Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары «Маңғыстау мұралары», С. Жаңғабылұлының «Аманат» кітаптарын жарыққа шығарды. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы)

Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған) — от ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.
Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.
1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.
1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті.
1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. *1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қызметі

Қазахалхының рухани өміріне үлкен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша. Ақиқатын айту керек, көрнекі қаламгердің өмірбаяны хақында қазірдің өзінде түрлі пікірлер бар. С.Мұқанов « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) 1893 жылы туды , Ә.Тәжібаев: Жүсіпбек-баянауылдық, 1896 жылы туған» десе, С.Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында қаламгердің өзі сиыр жылының аяғында (1890)… тусам керек» дейді.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сыр лы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атрабында туған. Ә кесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар-текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жасге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігі

Сел ─ тау өзенінің өз арналарына кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындарың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 метр секунд және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілеріндер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандасын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз аудандарға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шыншыр және тағы сол сияқты болу мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамнан қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілеті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді-мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Органикалық заттар көмірсу май нәруыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Органикалық заттар түрлерімен танысу
Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтап, дәлелдеу
Сабақ мақсаттары: • Азық-түлік құрамында кездесетін органикалық заттар түрлерін анықтайды.
• Азық-түлік құрамындағы органикалық заттардың болуын анықтайтын тәжірибелер орындайды.
• Оқушылар жасалған тәжірибе негізінде нәтижені берілген нұсқаулық картаға толтырып, қорытынды жасайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы)

Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы Ташкентте туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1993 жылдан). Құрмет орденінің иегері (2003).
Өмірбаяны
Бақтияр Қожа 1957 жылы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келген.
1980 жылы театр студиясын бітірген соң, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына қабылданды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Философия | Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Әл-Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Санжар Мәдиев Нұрланұлы (1986 жылы 4 тамыз)

Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер.
1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making мамандығы бойынша білім алды.
Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009).
2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0