Өлең: Кенен Әзірбаев (Әли батыр)

[quote]Оқушы өрендерім, құлағың сал,
Жырладым сендерге арнап, керегіңді ал.
Уақиға көзбен көрген, қолмен ұстап,
Жыр еттім шын өмірді, алсын деп нәр.
Бір күні «ақ патшадан» келді жарлық,
Жатқан кез соғыс болып, жерді қан ғып.
Майданға жігіттерді бересің деп,
Қазаққа Қордайдағы салды салық.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы)

Өткізген жерім жасымды,
Ағартқам сенде шашымды
Ыстықсың өте тым маған,
Еріме ылғый болысып,
Елімді жаудан қорысып,
Ерінбей сенде жырлағам.
Алалы жылқы, ақты қой,
Қырында өсіп мыңдаған.
Қыдырлы шалқар көлдерің
Балығы тайдай тулаған.
Барқыттай, шүйгін белдерім,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ертіс бойында туған ой)

Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,
Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.
Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс —
Еркелігі әлі де басылмаған.
Ертіс бойын жағалай ұшар әнім,
Тұнығынан иіліп іше аламын.
Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан
Ауылым — менің құйттай Ұшаралым.
... Құлағыма көңілсіз күй келеді,
Сарғаюда су жетпей жиделері.
Ыстық желден қураған жапырақтар
Сөйлер еді, су болса, билер еді.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау.
Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану.
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А 5
Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормаларды қолдану
Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу
Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сөздік қорларын қолдана отырып, қарапайым мәтіндер, өлеңдер құрастырады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,
Кемтарларға жол берген,
Заманның ері арыстан,
Адасқан халық зарыққан,
Азаттық қылып бақытқа,
Сәулеңді келіп табысқан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыйлық)

Туған елім, сөз тыңда!
Саған айтар сөзім бар.
Атақ беріп Жамбылға
«Ардақты, ерке—дедің,—шал»,
Ал сөйлейін алдыңда,
Сөз беріп тіл даңғылға.
Сөйлейтін жер келгенде,
Жұртым кезек бергенде,
Мен бөгеліп қалдым ба?
Заман-заман тапталған,
Қалың қазақ баласы,
Ауыр азап атқарған
Көзден ағып сорасы.....
Өлеңдер
Толық
0 0