Өлең: Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)

[quote]X а л ы қ а қ ы н:
Бұғы сайлаған елден келдім,
Қошқар жұмқал жерден келдім.
Атасызды ұққанменен,
Алтын жүзік көрмеп едім,
Шертпегімді тағынып келдім.
Сірә болмаса қағылып келдім.
Қазақ пен қырғыз туысқан
Өмілдірік - құйысқан.
Кенехан мен Орманхан
Надандықтан ұрысқан.
Мынау жорға ат әкелдік,
Ер - тұрманын сап келдік.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Көше)

Көше — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу түсіп келеді "Волгасынан"
Біреу мініп жатқанда автобусқа.
Көше — толқын, жатқандай Арыс тасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Жаңа ғана екі адам айрылысқан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мазақтамалар)

Ерке
Сарнап тұрып ертесін,
Сұрайтын қант, бөлкесін
Сен бір жаман еркесің!
Әкеңнің де желкесін,
Көкеңнің де желкесін
Жауыр қылған еркесің!

Сотқар
Сотқар,сотқар, сотқарсың!
Кішілерге шоқпарсың,
Үлкендерге көкпарсың!
Сотқар болсаң, сотқар бол,
Бір таяқ жеп тоқтарсың!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Қыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде!
Көз жібердім мен де елге:
Сонда елімнің түрінен
Тастай болып түйілген —
Қаһармандық аңғардым,
Жау сазайын бергенге!
Жау тиді деп саспастан,
Аяқтарын нық басқан
Айбатынан көресің....
Өлеңдер
Толық
0 0