Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)

Қар жауып тұр қалада баяғыдай,
Адамдарды бақытты ет, ая, құдай."-
Туған жерге аспаннан суық гүлдер
Түсіп жатыр қанатын жая құлай.
Қай кезде де қазақтың даласы кең,
Біреу — бақыт, біреулер — жарасына ем,
Іздей ме екен, адамдар бара жатыр
Аппақ-аппақ қарлардың арасымен.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Еске алу)

Түседі еске,
Батқан кезде ойларға,
Көшіп барып
Алыс сонау қойнауға,
Жұмыртқадай киіз үйлер тізіліп.
Отыратын баяғыда
Жайлауда.

Дала дастан,
Өзінше бір дала аңыз,
Сенбесеңіз жиегіне......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Нарынқұм зауалы)

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,
Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда
Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың ем,
Едім әрі өлшемін......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны)

Борай да борай қар жауса.
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай боран соққанда,
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тозар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған қар тұсар ма?
Ағайынның ары үшін,
Қарындастың қамы үшін, ....
Өлеңдер
Толық
0 0