Қотаншы ит қой жағалап жүреді, Өз қотанын шыр айналып үреді. Шөптің басы әлдеқалай қозғалса, Бұл дыбысқа ыза болып бүледі. Көзі ұйқыда, көңлі ояу күйінде, «Айтақ!» дейді жатып.....
Күн күйдіргеннің көкесін ыстық елдерде көресің! Ондағы адамдардың өңі күп-күрең болып, ал ең ыстық елдерде қап-қара, негр тәрізденіп кетеді.
Ауа райы салқын елде тұратын бір ғалым ыстық елге келді. Ол бұл жерде де өз еліндегідей көше кезіп жүгіріп жүретін болармын деп ойлап еді, бірақ ондай мүмкіндіктің жоқтығына лезде-ақ көзі жетті. Ол, барлық ақылды адамдар сияқты, үйден аттап шықпай отыруға мәжбүр болды, ал аялдаған бөлмесінің есігі мен терезелерінің қақпақтары ұзақ күн бойы жабық тұрды. Бейне тірі жан түгел ұйықтап жатқан тәрізді немесе үйде тірі пенде жоқ сияқты. Ол тұратын көшеге биік-биік үйлері бар, тап-тар көшесымаққа таңертеңнен кешке дейін күннің көзі түсіп тұратын еді, мұның өзі адам айтқысыз азап болатын.......
Өзіңнен үлгі алғандай Өлеңге ғашық кең далам. Періште көрсем таңданбай, Көргенде сені таң қалам: Ертемен тұрып, Әз ана, Беліңді бекем буасың. Бір кезек қора тазалап, Бір кезек ыдыс жуасың......
Қарт әжемнен айналдым, Өлең оқып үйреткен. Ұстазыма ұқсаған, Мен әжемді ұнатам. Мектепке бармай тұрғанда, Жаттау жатта деп айтқан. Шаршап кеткен кезімде, Ертегісін оқыған.
Бір бағыланды сойғызып, Іргеге жастық қойғызып, Үйіне болыс кеп отыр. Кұйрыққа бауырды астарлап, Пыс-пыс етіп қос қолдап, Сылқылдатып жеп отыр. Қасындағы хатшысы, Алаңғасар......