Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақкөл орта мектебі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері Сабақтың мақсаты. І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту Міндеттері. 1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып,шығарманың идеясына көз жеткізу 2. Әдебиет теориясынан түсінік беру 3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастастыруына ықпал ету