Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді.

Фото: newskaz.ru
Фото: newskaz.ru

ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысында мәлім еткен.

"Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады", - деді Чарльз Хэндри.

Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.

"Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді британдық Үкімет басшысының өкілі.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 3 сабақ Інім ән айтады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 3 сабақ Інім ән айтады
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
1. Мәтін жанрын анықтау
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Көркемдеп жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мәтін жанрын ажыратады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен дилогті толықтырады.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша өлең: Әсет Найманбайұлы (Ән басып, мейір қандыра салғандай қып)

Ән басып, мейір қандыра салғандай қып,
Үйреніп жастар ғибрат алғандай қып,
Тәтті әннің арасына асыл сөзді,
Тоқысаң меруерт пен маржандай қып.
Сөйлеген грамафон табағындай,
Мирас боп бозбалаға қалғандай қып.
Бір сағат сандуғаштай.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
 Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;
 Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;
 Латын әліпбиіне көшу заман талабы;
 Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділ қазылар ғылыми жұмысымды құнды .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Түрік қағанаты Батыс түрік қағанаты Түргеш мемлекеті

ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. .....
Рефераттар
Толық
0 0