Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ш әрпі бойынша ат қою)

Шара-Шырынгүл

ШАРА – қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.

ШАРАПАТ - араб тілінен алынған шарафат — ізгілік, адамгершілік, жақсылық; абырой, құрмет, даңқ, ізет.

ШАРБАНУ - иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі; қаланың сұлу бикештері.

ШАФИҒА - араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Күбі – қазақ халқының ежелгі сүт өңдеу бұйымы

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген қазақ халқы өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Осыған орай халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы – ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер ,пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Су тіршілік көзі

Ата – анам таңертең салқын сумен жуын, ол денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ол қалай пайдалы екенін ойланбаймыз?
Сұрақтың жауабын табуда маған ой келді. Неге ерте салқын сумен жуынамыз, неге үлкендер суды төге берме дейді. Осыларды білгім келді. Сондықтан зерттегім келді. Жобаны жазу мақсатым – судың қасиеттерімен маңызымен, табиғи сулармен, газдалған, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды.
Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су – тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр.
Суға сипаттама берсек:
Судың дәмі, исі, түсі жоқ сұйық. Су – адамның зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады. Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу – газ.
22. 03 – су қорларын сақтау күні.
Химиялық формуласы Н2О.
Пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол лас су. Қазіргі кезде лас суды тазартатын қондырғылар бар. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 103 сабақ Негізгі және туынды сын есім (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: № 103 сабақ Негізгі және туынды сын есім
Оқу мақсаты: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
3.4.2.4 негізгі және туынды сын есімді анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
– сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
-туынды сын есімдер жасай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші)

Ұластырып бір шаттыққа күндері мен түндерін,
Ілестіріп қуанышқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.

Той-думанның жарық болды тағы да енді жұлдызы,
Бір әулеттің бөліскелі жиналды оны ұл-қызы.
Түсіп жатыр келін болып....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті

Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті.

Бұл туралы бүгін "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Бүгінгі таңда біздің алтын-валюта қорымыз, ұлттық қорды қоса алғанда, 90 млрд. доллардан немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан асып түсті", - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуразиялық кеңістікте инвестициялық бизнес ахуал бойынша көшбасшылық орында.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бағытында шұғыл реформа жасағанын атап өте келе: "Қысқа уақыттың ішінде сәйкесінше заңдар қабылдап, инвесторлардың сеніміне ие болды және шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарта алды", - деді.

Жаңалықтар
Толық
3 -2