Премьер-министр Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмеуді талап етті

Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов алдағы бір жарым айда Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды.

Ресейден қажетті көлемде ашық түсті жағармай түрлерін тасымалдау мәселесіне тоқталған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "Аи-92 маркалы бензин тиісті көлемді өндірілмегендіктен, мұнайдың осы өнім түрі сырттан жеткізілетінін баяндады.

"Бүгінде республикадағы мұнай-газ базаларында Аи-92 маркалы бензиннің қоры 244 мың тонна, Аи-80 бензині 86 мың тонна, сондай-ақ дизель отын көлемі 300 мың тоннаға жуық. Егер біз бағаны өсірмесек, бұл жағармай көлемі 45 күнге жетіп қалады", - деді министр.

Осыған байланысты Ұзақбай Қарабалин АИ-92 бензиніне бағаны ұстап тұрғанымен, оның қоры таусылғаннан кейін осы маркалы жағармайдың тапшылығы туындайтындығын жеткізді.

Өз кезегіндеҮкімет басшысы министрлік Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе 1,5 айдың ішінде қор таусылғанша АИ-92 бензиніне бағаны өсірмеу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Бұл тұрғыда Серік Ахметов жағармай құю стансаларында баға негізсіз көтерілген жағдайда олар тиісті жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
Толық
3 -2

Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды

Бұдан былай танымал көліктерді іздеп ел аспайтын боламыз. Себебі ол автокөліктер өз елімізде жасалады.

Шетелдік компаниялар Қазақстанда өз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында мәлім болды.

"Қазақстанда автокөлік жасауды дамыту: жетістіктері, түйінді мәселелері және перспективалары" тақырыбындағы өткен көшпелі дөңгелек үстелде мамандар мәселені жан-жақты талқылады. "Нұр Отан" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі бұл саланы жіті бақылап, қадағалап келеді. Нәтиже жаман емес. 2012 жылы Өскемен, Қостанай, Алматыдағы зауыттарда 20 мыңға жуық машина жасалған. Биылғы 9 айда 25 мың көлік шығарылса, жыл аяғына дейін 9 мың көлік жасау жоспарланып отыр.....

Жаңалықтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Экологияның адам ағзасына әсері

Жер бетіндегі, жалпы өмірдегі қоғамның ең құнды, маңызды тіршілік иесі – адам екендігіне тоқталу.
Адам денсаулығын қорғау мәселелері.
Жергілікті жердегі ірі өндіріс орындарының адам денсаулығына тигізетін зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну.
Өзектілігі:
Өмірді жалғастырушы да, дамытушы да адам болғандықтан адамның өмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі.
Аннотация
Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда саналылығымен ерекшеленіп, өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білeге болады. Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, ғылым мен техниканы, өндірісті алға өркендеткен сайын экологияның нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Отандық әншілердің қалай байып жатқаны белгілі болды

Табыстарының еселеп артқаны соншалық, танымал әнші, ақын, сазгерлер авторлық құқық үшін жылына 800 миллион теңге сыйақы алады екен. Жұлдыздардың кірісін есептеген Әділет министрлігі олардың еңбегі заңмен қорғалған деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық
3 -2