Қазақша диктант: Қазақ тілі | Әнші Әмірқан
Қазақша Фильм: Арман асуы телехикаясы (3 бөлім)
Орысша - түрік фильм: Қарадайы телехикаясы (12 бөлім)
Қазақша реферат: Ағылшын тілі | Direct democracy promotion: new issues or opportunities?
In the second millennium came the idea of transformation of a representative democracy based on the electronic voting that is a direct vote. In the West it was called e-democracy and e-democracy, as well as a computer.....
Роза Рымбаева ресейлік сайтты сотқа бермекші
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Ресей сайттарының біріндегі өзіне қатысты жарнаманың Қазақстан аумағында көрсетілуіне қарсылық білдіруде.
Бұл туралы [url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL1RlbmdyaW5ld3Mua3o%3D]Tengrinews.kz[/url] сайтына оның адвокаты Нұршат Турдиев хабарлады.
Арықтаудың тәсілін көрсететін жарнама жарияланған сәтте әншінің ұлы Әли Оқапов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне "Пираттық контент үшін анам сотқа жүгінбейді. Олардың қолынан тек суретті көшіріп алу ғана келетіні анық. Пайдаланушылар ақ-қарасын өздері-ақ ажырата жатар" деп мәлімдеген болатын.
Жарнама 2013 жылдың шілде айында қазақстандық сайттардың бірінде жарияланып үлгерді. Олар тұтынушыларға телефон арқылы және электронды адрестер арқылы кеңес беріп отырған.
"Қазір ол сайтты құрастырушы компанияны таптық. Алайда, домен иесі жиі ауысады",- дейді Н.Турдиев. Енді әнші Қазақстан Интернет ассоциациясына хабарласып, "жарнамашыл" сайттың Қазақстан аумағында қолданылуына шектеу қойғызбақшы.
Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі
Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.
Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.
Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.
"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев