Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (11 шығарылым)
Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Бозторғайым)
Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан.
Аяздардан тоңбайсың....
Ғылыми жұмыс (жоба): Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі
Елге белгілі адамдар қызықты оқиғаларымен бөлісті
Елге танымал тұлғалар мен өнер саңлақтары өмір жолында кездескен қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Қазақша Ашық сабақ: Мұқағали Мақатаев "Қарттарды сүйем"
Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі Ауелбаева Арайлым 3 Сынып Ана тілі
Тақырыбы: «Қарттарды сүйем» Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. «Қарттарды сүйем» өлеңін мәнерлеп оқуға үйрету:
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту,сөздік.....
Серік Сәпиев киноға түсіп, өз-өзін сомдады
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.
"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.
"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.
Қазақша әндер жинағы: Оқжетпес тобы
Қазақша Фильм: Арман асуы телехикаясы (4 бөлім)
Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.
"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.
"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.