Хал қалай, ақын қауым? Бірде араз, бірде балдай тату қауым? Қыл көпір үстінде де қиянатты Қиындау болатұғын мақұлдауың. Шығармай келгенде де үнін шындық, Шындық деп шырылдаумен ғұмыр сүрдік......
КІРІСПЕ Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады. Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады. Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу Сабақ тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері. Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілеріне есептер шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.3 параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның белгілерін қорытып шығарады және қолданады; 8.3.1.5 тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады; Сабақ мақсаттары: - төртбұрыштың түрлерін ажырата алады; - параллелограмм, ромб, шаршы, тік төртбұрыштың анықтамасын біледі; - белгілері мен қасиеттерін қолдана отырып, қиындық дәржесі әртүрлі есептерді шығара алады.....
Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары – билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады. Қара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса – қара халықтың көңілі тыныш болды. .....
— Бала мешін қаршадай Бос белбеу боп өседі. Жұмыс істеп шаршамай Жеңіл тұрмыс кешеді. Суық ұрып лезде Сойқанды бір салады. Талай мешін сол кезде Талғажаусыз қалады. Сендер бірақ секеңдеп, Сүзілмеңдер басқаға. Туған жерді мекендеп, Тұрғызыңдар баспана......
Кіріспе Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы эконмикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфлияция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлігінің бірі еңбек нарығы болып табылады. Қазіргі уақытқа сай екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу және табысты, еңбекақы мөлшерлерінде еңбегін ынталандыру бағалау арқылы бөлу.Осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатысуымен реттелуі қажет. Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынастарындағаы ең қиын пунк. Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен кәсіподақ. Әсіресе еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға қарағанда белсендігі өте жоғары. Бұл түсінікті, себебі жұмысшы күшінің көзқарастарын қорғауы мемлекеттің негізгі міндеті. Мемлекеттік реттеудің ңарықтық рет теуден айырмашылығы, ол нарыққа тәуелсіз келісімдер арқылы және арнайы мінездемелер мен бұрынғы жазбалар негізінде жүзеге асады.....
«Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік кірістер департаменттері мен кедендер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке тәртіппен: 1) еркін нысанда жазылған өтініш және халықаралық тасымалдау көлік құралын қарап тексеруге бос күйінде әкелу; 2) Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 676 шешімімен (бұдан әрі - Шешім) белгіленген нысан бойынша жіберу туралы куәліктің бланкісі; 3) автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының сызбалары, фотосуреттері және егжей-тегжейлі сипаттамасы; 4) автомобиль көлік құралына, тіркемеге, жартылай тіркемеге қатысты жеке меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен ксерокөшірмелері; 5) автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Өтінішке қоса берілетін фотосуреттер мен сызбаларда автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің алдыңғы жағынан, артқы жағынан, сол жағынан, оң жағынан түрлері, сондай-ақ кедендік пломбалар мен мөрлерді салу үшін орындар көрсетілуі тиіс. Бір фотосуретте немесе сызбада бір мезгілде автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көп дегенде екі түрін көрсетуге жол беріледі. Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады. Көлік құралдарының конструкциясының (сериясының) типі бойынша: ....
Банк туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр.Кейбір мамандар банкті кәсіп орны,мекеме,–дейді;екіншілері–экономикалық басқару орны,–дейді;үшіншілері–делдалдық ұйым,-дейді.Төртіншілері–несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.Ал,күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді.Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін,оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.Негізінде,банктің мазмұнын түсіну үшін,алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек. Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде,осы заманның белгілі экономисі,Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты:“Банк ақшалай,несиелік және қолиа-қол немесе қолма-қол ақшасыз,есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырғанақша шаруашылығының даму сатысы.Банк,басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын.Ол тек тауар емес,ерекше тауар –ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады.” Алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында–XІV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған.Сауда-саттық мемлекеттерде,қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар,айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп,бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды.Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады.Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды,сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болды әрі олар Ежелгі Грецияда,Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. Әр түрлі ионеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек.Осылайша,бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы –үйге айналады.Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.....
Шақшақұлы Жәнібек (? – 1751) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молда кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан. Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оынң әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады. Атасы шақшақ Аманжолұлы – қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Есім Ташкентті шауып, Тұрсын ханды өлтіргенде Шақшақ соғыс олжасы ретінде еншісіне тиген Тұрсын ханның қызы Нұрбикені алып келіп, баласы Көшейге қосқан. Шақшақ жауға шапқанда арғынның ортақ ұраны «Ақжолды» айтпай, өз атасының атын атап: «Аманжолдап» шабады екен. Содан Аманжол Кіші жүз жақтағы арғындардың ұранына айналған. Жәнібек те жауға осы ұранмен шапқан. Ол – ұзақ ғұмыр жасап, қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымен, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билерімен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырларымен бір боылп, еліне елеулі қызмет еткен тарихта орны бөлек ерен тұлға. Абылай хан қашан ерлігімен танылғанша, үлкен қолбасшы Жәнібектің қарауында, қатардағы сарбаздардың бірі болған.....
Мақсаты: Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру. Қостілді құрам: шырша - елка, шахтер - шахтер, кірпі - ежик. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қысы - жазы бір түсте. Ол не? (ШЫРША) - Шырша сөзін орысша қалай айтамыз? - Елка. Е дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру. Е - дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған, Й+О=Ё, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. - Елка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады? Елка сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлгізу. Сергіту сәті. .....