Реферат: Биология | Иммундық жүйенің шеткі мүшелері

Иммундық жүйенің шеткі мүшелері.

Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады.Иммундық жүенің шеткі мүшелер жүйесінің ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр:әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Амебоциттер

Амебоциттер — амеба тәрізді жалған аяқтары арқылы қозғалатын, адам мен омыртқалы жануарлар лейкоциттеріне сәйкес келетін, омыртқасыз жануарлар қанының түссіз жасушалары[1]; омыртқасыздар қанының түссіз жасаушалары. Олар бөтен денелерді ұстап алып қорытады ағзаны зиянды заттардан қорғайды. Амебоциттер қызметі жағынан адамды қоса алғанда барлық омыртқалылардың лейкоциттеріне ұқсайды

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ақшаның қажеттігі экономикалық мәні және оның қызметі

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар ақша айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі.
Алғашқы қағаз ақша 1260-1263 ж.ж. Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз акшаның алғашқы партиясы 1690 ж. Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төлеуге арналған. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 ж. шығарыла бастады.
"Монета" атауы (латынның "монес" ақылшы деген етістігінен шыққан) б.д. дейінгі V ғ. Юноны — Монеталар ордасында (храм) Римде ұйымдастырылған алғашқы тенге (монета) сарайынан шықкан (Юноны — Ақылшы).
Ең ауыр металл теңге (монета) заңды түрдегі құндылығы 10 талерлік шведтің мыстан құйылған теңгелері саналады. Олар XVIII ғасырда да соғылды, олардың әрқайсының салмағы 19 кг 710 грамға теңелетін.
Құндылығы жағынан ірі теңге 1654 жылы шығарылған 200 махурлы үндінің алтын тсңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177 гр, диаметрі 136 мм құрады.
Шынымен, газет пен уақ монеталар арасында қандай да бір байланыс бар ма? Қызығы сол, баршаға таныс "газет" сөзі өзінің шығу тегі жағынан XVI ғ. Венеция Республикасында соғылған "газета" деп аталган уақ мыс монеталарга қарыздар екен. 1566 ж. Венецияда алғашқы баспа басылымы ("Жазба ведомстілері") жарық көрген кезде, оның кұны бір газет болып белгіленіпті. Соған дағдыланудың күші соншалық, монета атауы басылым атауына нық бекіп қалған. Сөйтіп, уақ тиын деген мағынадағы "газета" деген итальян сөзі басқа тілдерге де ауысқан....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жергілікті қаржының мәні мен маңызы

Жергілікті қаржы - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қарым қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлғалық және кәсіби дамуы

Мақсаты: Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы және кәсіби дамуы.

Міндеті: Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Актуальдылығы: Индивидтің тұлғалық және кәсіби даму процесіндегі қарым-қатынастың алатын орны.

Теориялық маңыздылығы: Біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Практикалық маңыздылығы: Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: 610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Амфибластула

Амфибластула (гр. amphi — екі түрлі, қостүрлі; гр. bios — тіршілік; гр. blastos — ескін) — біржасушалы ұрық — зиготаның бөлшектенуі нәтижесінде түзілетін, пішіні шар тәрізді, ішкі қуысы сұйыққа толған қосмекенді жануарлар эмбриогенезінің алғашқы даму сатысындағы ұрығы. Амфибластуланың жоғарғы анимальды полюсі майда бластомерлерден (микромерлерден), ал төменгі вегетативті полюсі — цитоплазмасы сарыуызға бай ірі бластомерлерден (макромерлерден) тұрады. Амфибластуланың қуысы (бластоцель) анимальды полюске қарай ығыса орналасады. Ал оның қабырғасы (бластодерма) бірнеше қабат бластомерлерден тұрады. Бұл бластомерлердің көпқабатты бластодермаға айналуы — тангенциальды ( бластомерлер бөлшектенуінің зиготаның сыртқы бетіне параллельді бірнеше қабатқа жүруі) бөлшектену арқылы жүреді .....
Рефераттар
Толық
0 0