Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу - өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауынан қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавит пен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. .....
Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/. Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi. Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң Никомахова этика деген кiтабында Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау • Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Кіріспе Әр елдің басты байлығы біреу – оның халқы. Кез-келген елдің халқының саны мен жағдайы оның экономикалық деңгейіне, мемлекеттік қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздік тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Қазақстандағы күшті демографиялық саясат қазіргі күні алға тартарлық ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарын беріп отыр. Қазақстанда халық саны соңғы 10 жылда белгілі саяси және әлеуметтік-экономикалық себептермен үлкен өзгерістерге ұшырады. 1999 жылдан бастап елден сыртқа көшу тоқтай бастады, 2004 жылы алғаш рет соңғы онжылдықта көші-қонның оң сальдосына қол жеткіздік. Алайда демографиялық саясат теориясы мен тәжірибесінде, әсіресе аймақтық бөлігінде, шешілмеген проблемалар әліде көп. Демографиялық саясатының тиімді шараларын дайындау мен жүзеге асыруда дамографиялық процестерді басқаруды зерттеудің іргесін кеңейту қажет. Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасындағы халық саны мен орналасу динамикасын статистикалық талдау болғандықтан, халқымыздың сонау тарихи кезеңнен бастап санының, соныңішіне қазақ халқының санындағы өзгерістердің осы күнге дейінгі жағдайы, Алтайдан Атырауға созылған кең даласында орналасуы қарастырылады. Қазіргі кезде еліміз нарықтық экономикаға өту жағдайында, халық әл-ауқатының, өмір сүру деңгейінің соңғы 6 жылда (1999-2004) жақсара бастады, шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты туу мен көші-қон процестерінің жиілеуі халқымыздың санындағы айырмашылықтарға өз үлесін тигізуде.....
Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау. Медбикенің іс-әрекет жоспары Түсініктеме 1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. - туыстары ол туралы білуге құқылы. 2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. - Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды. 3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. - Эксикоз дамуының алдын алады. 4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. -Тағамды қорыту қиындайды. 5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді. -уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады. 6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды. 7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. - гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді 8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі- зуге үйрету. -Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады. -Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі. Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме. 1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. 2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады. 3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді. -Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды. 4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады. 5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай.....
Капиталды шетке шығару қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны. Капиталды шетке шығару дегеніміз- капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып,тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Капиталды шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-жылдардың басындабүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағықарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар. Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері: 1. шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы 2. дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы 3. жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі 4. капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы 5. саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын ажырата білу қажет. Капиталдың ауысуы - шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды қағаздар портфелін диверсификациялауды айтамыз. Шетелдік инвестиция – қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы. Тікелей инвестиция – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруы.....
XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр. Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде. Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет. Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді. ....
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады. Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады. Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе. Жеке баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді. Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады. Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын – пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу – пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі. ....
Кіріспе "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы:Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих Г. Юрмин Оқу мақсаттары: • 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау • 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру Сабақ мақсаттары: • Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекет мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды және иллюстрация нұсқасымен салыстыра алады Көптеген оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады.......