Биіктерге қомдайтын қанатыңды, түседі еске кей жәйлар бала күнгі. …Ағамменен жарыса домбыра алып, тартқан болам «Абылды», «Нар атуды». Төкпе күйлер талдырып саусағымды, бірақ құрбыластарым тамсанулы. Тым жасаңдау болсам да, сол әуендер ....
Кіріспе Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпкорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия еңгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар — бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңарпашылықтар мен ашылымдар жасауда. Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады. Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді.....
Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі Үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі Үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі Үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл Үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай не кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 — 40°C) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. ҚҚ — ҚV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.
Жемтүсу — жылқы тұяғының іріңсіз қабынуы. Бұл жылқыда ғана болатын ауру. Екі алдыңғы не екі артқы тұяғына, кейде төрт тұяғына жем түседі. Алдыңғы тұяғы ауырса жүрелеп көсіледі, артқы тұяғы ауырса бүрісіп, аяғын бауырына тартады. Ауру жылқы басын, мойнын көтере алмайды. Тұяғының қызуы көтеріледі. Жемтүсу ұзаққа созылса, тұяқтары бүрісіп қалады. Аурудың негізгі себептері: қатты шауып, алқынып еті қызған жылқыны кенет салқындату, ыстықтай суық суға шомылдыру, құрамында азоты көп (бидай, қара бидай, көк жоңышқа) және шіріген, көгерген, үсіген жемшөп беру. Ауыр жүкпен қиын, таулы жолда ұзақ жүру де бұл ауруды туғызуы мүмкін. Емі: алғашқы 2 — 3 күн тұяқтарын суық суға езілген сазға батырады; ауру аяғын жіліншігінен төмен қарай ысқылайды; іш жүргізетін дәрі-дәрмек береді. [1]
Кіріспе Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Міндеті: - Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау - Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру. - Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау. Өзектілігі Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады. Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.....
Мақсаты: а) Оқушыларға «Жеті лақ» ертегісі арқылы «Г» әрпі және дыбысы туралы түсіндіру. «Г»- нің баспа және жазба түрін көрсетіп ұғындыру. ә) Олардың ақыл - ой қабілетін, сөздік қорларын, шығармашылықтарын арттыру. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. б) Оқушыларды ұқыптылыққа, мейірімділікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қасқырдың үйі, пеш, ағаштар, слайд Барысы: - Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Г» әрпі және дыбысы. Мақсатын айтып кетемін. - Ал ендеше балалар сабағымызды бастаймыз. .....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология Сабақтың тақырыбы: Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің холестеролдың қызметі. Сабақ мақсаты: 10.4.2.2 сұйық кристал теңбілді модельді қолдана отырып,жасуша мембранасының атқаратын қызметі,қасиеті және құрылымдары арасындағы байланысты орнату Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: кез-келген жасуша мембранадан тұратынын білу жасуша мембранасының құрылысын анықтау жасуша мембранасының атқаратын қызметін түсіну жасушаның мембраналы органоидтарын білу жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметтерін салыстыру........
Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.....
Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. .....
Д- витаминінің шамадан тыс көбеюі бала организімінің сезгіштік қабілетін ескерместен, оны көп мөлшерде, бақылаусыз қолданған жағдайда болады.
Патогенезі. Д- Гипервитаминозы көбінесе Д- витаминін, ультракүлгін сәулесін және кальций препараттарын қатар қолданғанда болады. Д гипервитаминоздық улану жасанды және аралас тамақтанатын, гипотрафиясы бар, шала туылған балаларда оңай дамиды. Д витаминінің уландыру әсері бауырға, бүйрекке, жүректің бұлшық етіне, қан тамырларына тиеді, дистрофиялық өзгерістер туғызады .