Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті «Шалқан» ертегісін жазу (2-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. «Шалқан» ертегісін жазу. (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 5 Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптерді қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.
Кейбір оқушылар:
Жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілерді саналылықпен қолданып, ара жігін ажырата алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ұқсатым. Сән. Талғам» № 1 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: «Ұқсатым. Сән. Талғам» № 1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақтың мақсаттары:Заманауи киім үлгілерінің жастарға әсерін саралай келіп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас

XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.

Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.

АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.

Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.

Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ХІХ ғасырдағы Францияның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы

XVIII ғасырдың соңындағы шексіз монархиялық билік бір кезде біртұтас ұлыттық мемлекет құруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализмнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті. Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын цехтың ұйымдастырылуы тежеді. Буржуазия цехтық құрылысты жоюға мүдделі болды және саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті.
XVIII ғасырдың 80- жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті. Ғасырдың орта тұсында орын, алған экономикалық өрлеу тоқталды, елдің шаруашылығы нашарлап кетті. 1787 -1789 жылдары өндірісттік – сауда дағдарысы тереңдеді. Қалалар мен ауылдарда ашығушылар саны көбейіп, төменгі әлеуметтік топта кедейшілік кең етек алды. Мұның бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталғанеді.Монархия күйреу алдында тұрды.1614 жылданбері францияда бас штаттар,яғни феодалдық –сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырлмаған еді.Дворяндар бас штаттарды шақыруды талап етті.Халық қолдауын сезінген депутатар өкіметке қарсышығуға бел байлады.олар мемлекеттің таптық принципін әшкерлеп,17маусымда өздерін ұлттық жиналыс деп жариялады. 20маусымда дөңгелек залға жиналған ұлттық жиналыс депутатары,конситутцияның негізгі ережелері дайын болмайынша,залдан шықпайтындарына ант берді.1789жылдың 9-шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін ұлттық құрылтай жиналыс деп жариялады.Король XVI людовик пен сарай маңындағылар толғағыжеткен төңкерісті қарулы күш көмегі мен басуға шешім қабылдады.
Революцияның басталуы.1789 жылдың 12 маусымында,Париж қаласында қаржы министрі Н.А.Неккер өз еркімен қызметтен кетті деген хабар тарап,әскер ішінде толқулар басталды.13 шілдеде парижде көтеріліс бұрқете қалды.Ертеңінде таңертеңгілік париж көтерілісшілердің қолында болды.көтерішілердің соңғы қимылы бастилияны алумен аяақталды.Бұл француз революциасының басталғанаын білдірді және бұл оның алғашқы жеңісі болды.
1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі буржуазия мен халықтың одақтасығы арқасында абсолютік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып құрылтай жиналысы танылды, оған мүше болғандар негізінен буржуалар еді. Жергілікті билік буржуазияның қолына көшті осылайша францияда аса маңызды тарихи оқиға мемлекетік биліктің буржуазияның өтуі биліке асты.
1789 ж тамызында өткен құрылтай жиналсы екі маңызды құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет бойынша феодалдық «жеке» борыштар мен шіркеу ондығы жойылды. Бірақ негізгі жер мен байланысты мінтеттер сақталынып қалды. Жер сенорлардың жеке меншігі болып табылып оларды тек қана сатып алуға жол ашылды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету М. Ерімбетов «Құмыра» (4 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Қатені табу және түзету М. Ерімбетов «Құмыра»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото/ суреттер қолдану, презентация/ видеоролик жасау
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысындасуреттер қолданады, түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттар таба алады, шығармадан қателерді табады, түзетеді.
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысынщда суреттер қолданады, түрлі дереккөздерден қажеті ақпараттарды тауып өңдей алады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысынщда суреттер қолданып, презентация жасайды, түрлі дереккөздерден қажеті ақпараттарды тауып өңдей алады және байланысын көрсетеді, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Табиғи каучук

Табиғаттағы каучук.
Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Осы өсімдіктерден Ұлы Отан соғысы кезінде каучук өндірістік жолмен алынған.
Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде резеңке доптары табылған, олар тұрмыс – салт мақсатында қолданылған. Европалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау щыққан.
Каучуктың алынуы мен қолданылуын одан әрі тереңдете зерттеу (ХVIII ғасырдың 20 – жылдарындағы Бразилияға экспидиция) каучуктың Heve ағашынан алынатынын анықтауға мүмкіндік береді. Каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға айналады. Маталарға шырын сіңіртсе олар су өткізбейтін болады, қатып қалған щайырдан факелдер дайындалады және шашыратқы түріндігі арнайы шөлмектер алынады......
Рефераттар
Толық
0 0

Ағзаны сумен тазарту және сауықтыру

Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз өмір жоқ. Ағзада су болмаған жағдайда жасушалар жұмысын тоқтатып, ағза уланады. Дәрігерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар күніне 2 литр су ішуге кеңес береді.
Бірақ адамдар судың емдік функциясы жайлы біле бермейді. Ағзаны сумен тазартып, сауықтыру ең қымбат және сирек дәрі-дәрімектердің күшімен бірдей болуы мүмкін.......
Кеңестер
Толық
0 0