Курстық жұмыс: Құқық | Заң шығару процесі түсінігі негізі және сатылары

Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңга тәуелді актілерді шығарудың, кдбылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Пар¬ламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында.
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процес әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады. Заң шығару тәжірибесінде жобаның мазмұнына байланысты басқа да тәсіл қолданылуы мүмкін, айталық, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің өзі де, әрі соңғы кездерде етек алған Палаталар депутатгары да дайындайтынын біз білеміз. Алайда қазіргі кездегі заң шығару тәжірибесінде жобаларды дайындаудың ведомстволық қағидаты, дегенмен, басым түсіп жатады.
Заң шығару процесіне Қазақстан Республикасының президентінен бастап,бүкіл халық атсалысады ,сондықтан бұл тақырыпты маңызды деп айтуға болады. Мен курстық жұмысты жазу барысында көп нәрсені түсіндім: біз- Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан заң ғылымын терең зерттеп,оны ары қарай дамытуымыз керек.
Заң шығару процесін терең әрі нақты зерттеген жағдайда ғана дұрыс және пайдалы заңдар өмірге келеді деп ойлаймын,сондықтан бұл тақырыпты келешекте әлі де зерттеуіміз қажет.Ал заң шығару процесі туралы толық мәліметтер курс жұмысымның негізгі бөлімінде нақты ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпараттарды кестеге түсіріп, сөйлемдерде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жазады.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жинап, кестені толтырады.
Кейбір оқушылар: Әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинастырып, кестені толтырады, сөйлемдердегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ауылшаруашылық өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері № 1 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері № 1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды
Сабақ мақсаттары: Өнеркәсіп өндірісі туралы білу
Өнеркәсіпті ұйымдастырудың түрлерін білу
Әлемдік өнеркәсіпті және Қазақстандық өнеркәсіпті талдай алу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы

Организм реактивтілігі (латын сөзі – reactia – қарсы іс-әрекет) – организмнің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне тіршілік жауап беруі.

Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор. Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін.

Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кесдеседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы

Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен стрихнин, хлороформ, кураре ж. б., гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б.) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген себептік ықпалдармен бірге адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ақын және бастық

Ақын жергілікті жердегі бастықтың үйінде отырды. Бастықтың әйелі ақынға шай құйғалы жатыр еді, бастық әйеліне: "Шайыңды қоя тұр", - деді де, ақынға қарап:

- Мына балаларға бір-бір шумақтан өлең лақтырып-лақтырып жіберші, - деді.

Бастықтың балалары көп еді. Ақын сүйкектетіп жазып отырып: "Есіл ерім-ай! Азаматым-ай! Баланы да таптырған екен", - деп бастыққа іштей разы болып отырды.

- Ағаңның бөлмесіне баршы, - деді бастық тұлымшағы селтиіп тұрған кішкентай қызына. - Ағаңның бөлмесіндегі суреттердің бәрін осында алып кел.

- Мынау Алматыда оқып жатқан ұлымыз еді, - деді бастық суреттерді ақынның алдына тоса беріп. - Осыған қарап отырып та бір-екі шумақ өлеңді лақтырып-лақтырып жіберші.

- Осы ит қайда? - деді бастық әйеліне. Сосын ақынды жеңінен тартты: - Жүрші! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
- тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей
алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

2005 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындыларына келетін болсақ, ішкі жалпы µнім 9,4 пайызға өскен.(жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр). Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 34,1 пайызды, жүк тасымалдау көлемінің артуы 4,8 пайызды құрады. Байланыс қызметінің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өссе, ұялы байланыс қызметі 65,3 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына 241 миллиард теңге инвестиция бөлінген. Бұл оның алдындағы жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есе көп. 2005 жылы инфляция орта есеппен 7,6 пайызды құраған. Халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 11,6 пайызға өскен. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 33,8 мың теңге болған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0