Курстық жұмыс: Физика | Мехатроника және робот техника

КІРІСПЕ
Басқаруға арналған электрондық құралдар транспорттық машиналарда кең қолданылады, мысалы, автомобильдерде, ұшақтарда, поездерде және жік көтергіш лифтілерде. Қозғалыспен бақару электрондық құралдарсыз замандас технологиялық машиналарды елестету қиын, станоктар сияқты, крандар, өнеркәсіпті роботтар, сонымен қатар энергетикалық машинаны, қайсыларға турбиналар, іштен жанатын қозғалтқыштар, электр қозғалтқыштары жатады. Тек көлік пен өндірісте ғана емес, сонымен қатар ғарыш пен су астында, медицина мен спортта, жарнама мен офиста – барлық жерде техникалық құралдар және машиналар қолданылады. Олар берілген функциялар қозғалысының орындалуына арналған, ішке қарай салынған электрон ¬мен микроэлектрон аспаптар және компьютерлік (микропроцессорлық) басқару арқасында белгілі ақыл қасиеттері бар. Жоғарыда келтірілген техникалық құралдар өз ¬құрамында мехатрондық жүйе бар немесе тікелей мехатрондық құралдар болып келеді. Сайып келгенде, мехатрондық құралдар бұл техникалық жүйелер, қозғалыс функцияларының ойдағыдай орындауға арналған әртүрлі электрондық құралдар қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

Тақырыбы: Бәйшешек пен Бәйтерек (ертегі)
Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету, Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерді беру. Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт – дәстүрлерді білуіне, құрметтеуіне ықпал ету.
Керекті құрал – жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Елтаңба, Жалау, Әнұран жазылған текст – қағаз және Елбасының суреттері) қойылған.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі сынып оқушылары әзірлеген «Ертегілер елінде» атты айдармен өтілетін «Бәйтерек пен Бәйшешек» ертегісі бойынша танымдық – тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз. Ертегі негізінде дайындалған бұл көрініс жақындап келе жатқан былтыр бірінші рет ал биыл екінші рет тойланғалы отырған 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналады. Бұл қастерлі мерекелерге әлі уақыт бар. бірақ ертегі тақырыбы осы мерекелерге сәйкес жазылған. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған, негізін салған – аса құнды құжат – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған еді. Сонан бері бұл күн Республика күні деп аталып келеді. Енді мен сіздерге осы ертектің мазмұнын оқып берейін......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары

Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (көне грекше: insuli pancreas; көне грекше: insuli — аралшық, көне грекше: pаn — барлыгы, көне грекше: kreas — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аксо-дендриттік жанасым

Аксо-дендриттік жанасым (synapsis axo-dendritica; гр. synapsis — жанасым; гр. axon — білік, ось; гр. dendron — ағаш) — нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесі — перикарионынан әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толқынын қабылдайтын нейроцит өсіндісі) жанасып жалғасуы. Аксо-дендриттік жанасым арқылы жүйке толқындары (импульстері) биологиялық белсенді заттардың (медиаторлардың) көмегімен бір нейроциттен басқа екінші нейроциттерге беріледі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ұзақ жаншылу сырқаты



Әскери - далалық хирургияда және хирургиялық жарақаттардан кейін кездесетін күрделі асқынуға ұзақ жаншылу сырқаты (ҰЖС) жатады. Бұл жерде ҰЖС - әртүрлі атаумен аталып келгенін айта кету жөн – «жарақаттан улану», «жаншылу сырқаты», «босату сырқаты», «жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу сырқаты», т.б.



ҰЖС – жарақаттардың аса бір күрделі асқыну түрі. Оны ғалымдардың жеке бөліп қарауына сәйкес табиғи апат кезінде және соғыста алған жарақаттар осы ауыр дағдарыстың дамуына себепкер болады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Қалам және түлек


«Ел болып өлең жырдың тақырыбы, қауышты ауылымен ақын ұлы». Бұл бір кездегі мектеп түлегі, елдің перзенті, белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сейіл Боранбаевпен Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында өткен кездесу кешінің тақырыбы еді. Бұл кездесу 2000 жылы ақын Сейіл Боранбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген.

Белгілі ақындар Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықовтар №25 мектептің бір кезгі түлектері еді. Олар мектептің алғашқы түлектерінің қатарынан саналады.

...Сейіл, Әнес, Мешітбай
жырдағы шыққан жүйріктер,
мүшесі еді Одақтың
өлеңде болған даралы.
Көкірегі толы көмбеге,
тарихшы ұстаз әрі ақын,
құрмет тұтты ортасы
Ақанжан сынды ағаны.
Асыл сөздің сырынан
шәкіртке тәлім үйреткен
Файзолладай ақындар
Болмысы болған бағалы.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: АӘД | Химиялық және бактерилогиялық қарулары олардың құрылысы жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін жоғары оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді . «Еңбек қорғау» және «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәндер жеке пән ретінде оқытылатын болды .
«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің типтік бағдарламасы 1993 жылғы қыркүйекте тұрғындарды және мамандарды төтенше жағдайда әрекет жасауға арналған, оқыту жүйесін ұйымдастыру мәселелері атты Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің №969 қаулысының негізінде Оқу министрлігімен Азаматтық қорғаныс бас штабының 1994 жылғы 10 ақпанындағы № 46 / 27 бірлескен бұйрығына негізделіп жасалған .
Бұл пәннің негізгі қарастыратын мәселесі - адам өмірі , себебі , ол қоғамның д ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы қайта құруға интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру "Күмән" Машқар Гумеров (4 сынып, I тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру "Күмән" Машқар Гумеров
Оқу мақсаттары: 4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру;
4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп,рөлге бөліп, мәнерлеп,теріп, шапшаң оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық Банкі» және 1995 жылдың 31 наурызында қабылданған « Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйемен не бары 13 жылдық тарихы бар.
ҚР – дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы

Банк түрлері 01.
1998 01.
1999 01.
2000 01.
2001 01.
2002 01.
2003 01.
2004 01.
2005
Екінші деңгейдегі банктер
барлығы: 130 101 82 71 55 47 44 38
Оның ішінде:
Мемлекеттік 4 4 6 1 1 1 2 2
Мемлекетара-лық 1 1 1 1 1 1 1 -
Шетел капиталының қатысуымен 8 9 22 23 22 16 16 17
Еншілес банктер 5 5 7 11 12 12 11 11

90 – шы жылдың басында банктердің саны 200 – ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса сол жылдың орта кезңінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады.Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0