Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті

Халық шаруашылығындағы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-АҚты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні – деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға – деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу) (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген
атауларды) анықтау
Сабақ мақсаттары: Бас әріппен жазылатын сөздерді анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның экономикалық тарихы пәні

Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық

ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жыныс генетикасы

Жыныс генетикасы
Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді:
P Aa x aa
Г Аа а
Ғ1 1Аа : 1аа
Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айту
Сабақ мақсаттары: Оқушылар өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айтады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Құқықтық норма

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Әкем шешем және мен

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен
(Отбасылық спорттық мереке)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қабыну

Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.

Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.

Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің теориялық аспектілері мен салық жүйесінің жағдайына талдау негізінде салық жүйесіндегі проблемаларды анықтау және оларды шешуге бағыттылған оңтайлы шараларды ұсыну.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
- Салық және салық жүйесінің түсінігі мен оның экономикалық мәнін қарастыру;
- салық жүйесінің принциптеріне сипаттама беру;
- салық салу функцияларын ашып көрсету;
- салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі;
- салық жүйесінің реформаларына талдау жасау;
- Атырау облысы бойынша салық түсіміне талдау жасау;
- мемлекеттік бюждетті қалыптастырудағы салықтардың рөлін анықтау;
- салық жүйесінің өзекті проблемаларын қарастыру.
Берілген диплом жұмысын жазудағы мақсат – салық жүйесінің жағдайын талдау мен салық жүйесін проблемалары және оны шешу жолдары танып білу, олардың нарықтық экономикада алатын орнын анықтау болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аккомодациялық аппарат

Аккомодациялық аппарат (лат. accomodatio — бейімделу) — әртүрлі қашықтықтағы заттарды көздің анық көруіне көмектесетін бейімделу аппараты. Аккомодациялық аппарат — биологияда, медицинада, ветеринарияда кору мүшелеріне байланысты қолданылатын термин. Заттарды анық көру көз бұршағының пішіні мен оның жарық сәулелерін сындыру күшіне тікелей байланысты. Аккомодациялық аппаратқа: көз бүршағы мен оның пішінін (бетінің дөңестенуі мен жалпақтануын) өзгертіп отыратын кірпікті дененің бұлшық еттері жатады. .....
Рефераттар
Толық
0 0