Реферат: Биология | Абиогенез

Абиогенез (гр. 'a' — болымсыздық, жоққа шығару, bіos — тіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.[1]
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Скарлатина-жәншау

Скарлатина жалпы жағдайдың бұзылуымен, жұтқыншақта баспаның белгілерімен және қызғылт түсті түрінде нүкте тәріздес бөртпе пайда болуы сипатталатың жұқпалы ауру.



Қоздырғышы: гемолитикалық стрептококк, қоршаған ортада төзімді.



Эпидемиологиясы:



Аурудың көзі ауру адам және бактерия тасымалдаушы

Таралу жолы –ауа –сілекей жолы және заттар арқылы

Сезімталдық (төзімділік) -2 -7 аралығы

Маусымдылық –күз, қыс.

Иммунитет –тұрақты.

Клиникалық белгілері:



І жасырын кезең 2-7 күн. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек

Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек

батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады. Бұл оны жігерлендіреді және зардап шегушіге күш-қуат береді.

Егер мүмкін болса, батып бара жатқан немесе жүзу кезінде шаршаған адамға оны жағаға, қайыққа тарту үшін таяқтың немесе киімнің үшін береді не қолда бар суға батпайтын құтқару затын немесе арнайы құтқару қару-жарағы лақтырылады. Егер ондай заттар болмаса немесе оларды пайдаланудың өзі батып бара жатқан не шаршаған адамды құтқаруды қамтамасыз етпесе, онда оған көмек көрсету үшін жүзіп барады.

Көмек көрсетушінің өзі жақсы жүзумен қатар, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі қажет.

Егер жаппай жазатайым оқиға орын алған кезде батып бара жатқандардың әр қайсына бөлек көмек көрсетуге тырысады. Бірнеше адамды бірден құтқару мүмкін емес.

Су температурасы төмен болған кезде немесе шаршағанда аяқтың балтыр, жамбас немесе саусақтың бұлшық еттерінің тартылуы мүмкін.

Жүзу кезінде шаршаған адамға мынадай көмек көрсетуге болады: көмек көрсетуші өзінің иығын шаршаған адамның созылған қолының астына қойып, оны «брасс» стилімен жүзіп отырып тасымалданады. Егер шаршаған адам көмек көрсетуші адамның қозғалыстарына ілесе отырып, аяғымен жүзсе бұл оған көмек болады. Шаршаған адамның қолдарының көмек көрсетушінің иығынан сырғып кетпеуі бақыланады.

Батып бара жатқанға көмекті артынан, оның жабысып ұстауынан қорғана отырып көрсетіледі.

Батып бара жатқанды бірнеше тәсілмен тартуға болады:

«басынан» тарту тәсілі.

арқасымен жүзу арқылы;

«қолынан тарту арқылы» тәсілі.

«қолының астынан тарту» тәсілі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анатомия

Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді: .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: З дыбысы және әрпі

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.

Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар өткен сабақта қандай әріп өттік?
- И дыбысы қандай дыбыс?
- И дыбысынан басталатын сөздер айтып жіберейікші?

Сабақтың тақырыбы: З дыбысы және әрпі. (слайд)

Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
А) Білімділік: З з дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін еске түсіре отырып, дыбыстық талдау жасау. Балаларға буынға бөлуді меңгерту.
Ә) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту, сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Б) Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақ тақырыбы: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары.
Сабақ оқу мақсаты: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
Гмо терминін сипаттайды;
Гмо-ның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады ;
Гмо-ны қолданудағы туындайтын этикалық көзқарастарды талқылайды;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Геометрия | Геометриялық салу есептеріне қиылысу және алгебарлық әдістерді пайдалану

Мектеп геометриясының негізгі материалдарының бірі-геометриялық салулар.Бастауыш сыныптан бастап ,кеңістіктің әр түрлі қасиетін сипаттайтын геометрияның абстрактілі тарауларына дейін фигураларды салу кездеседі.Мұндай конструктивті геометрияны б.э.д.III-IV ғасырларда өмір сүрген грек математиктері Евклид, Архимед ,Аполлоний және ежелгі Отырар шахарында туған қазақ математигі Әл-Фараби (870-950) дамытқан.
Жоғары математиканың негізін салған ағылшын математигі әрі физигі
И.Ньютон (1643-1727), неміс математиктері Г.В.Лейбниц(1646-1650) пен
К.Ф.Гаусс (1744-1808), француз математигі Р.Декарт(1596-1650),швейцария
математигі А.Эйлер (1707-1783)т.б. Конструктивтік есептерге ерекше көңіл
бөлген. Геометриялық салулар теориясы И.И.Александровтың
Н.Ф.Четверхиннің ,Б.И.Аргуновтың ,Ж.Адамардың т.б. еңбектерінде
эерттелген,ал оны оқыту әдістемесі жөнінде Д.И Перепелкиннің,Г.Л.Сенниковтың, Г.Г. Маслованың т.б. еңбектері бар.
Геометрия тарихынан математиканың аса маңызды тараулары
геометриялық салуларға тәуелді болғанын білеміз. Геометриялық салулар теориясы геометрияның негізгі салалары: аналитикалық геометрия, проективтік геометрия , сызба геометрияның пайда болуына байланысты жоғары дәрежеде дами бастады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0