Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Қазақша ғылым тілін дамытудағы қазақ зиялыларының орны

Кіріспе
Қазіргі қазақ тілі тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебесін алып отыр. Сондықтан оған дүние жүзіндегі дамыған ұлттық әдеби тілдерге қойылатын талаптар тұрғысынан қарау керек. Бүгінгі таңда дамыған ұлттық әдеби тілдердің негізгі белгілерінің бірі – сол тілдегі ғылыми стильдің қалыптасуы болып саналады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге сәйкес қоғамдық қызмет аясының кеңеюі мен күшеюі, соған сай қазіргі қоғамдағы ғылым тілін қазақша дамытып, қалыптастырудың талап - мүдделері қазақ тіліндегі ғылыми стильдің қалыптасуын арнайы қарастыруды қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын жүзеге асыру үшін аянбай еңбек еткен қазақтың алдыңғы қатарлы оқыған азаматтарының мұрасын зерделеу:
Ұлттық ғылым тілінің негізін салушы қазақ зиялыларының ғылым тілі мен оның терминологиясын қалыптастырып, дамытудағы қызметін, орнын, рөлін көрсету, қазақ тілінің терминжасамдағы мүмкіндіктерінің ғылым тілінің дамуына әсерін көрсету......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі

“Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасырлар.
Қартаймас қас батырлар, тұлғасы бар”
М. Рәш. “Батыр дастаны”
Соғыс!
Осы бір қара бұлттай қаралы да, суық сөздің астарында ұлан - ғайыр қасіретті мұң - қайғының азалы даусы естілетін тәрізді. Адамзат баласы көз ашқалы өзара жауласудан талай рет бейбіт өмірдің шырқы бұзылды. Жер беті сансыз адам қаны төгілген алапат соғыстардың куәсі болған. Ресми деректер бойынша 60 млн - ға жуық адам қаза болған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең алапат, ең сұрапыл соғыс болып, тарихқа енді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ

Отбасы құқығы бойынша неке бұл " ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең, құқықты одақ "
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болады
Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы беріледі. Кейін ерлі - зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырды.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау керек. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтінін көрсетеді.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 10 - бабында белгіленгендей еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ КСР – інің неке және отбасы кодексінің 16 - бабына сәйкес еркектердің неке жасы – 18 , әйелдердікі 17 деп белгіленген болатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Көбеюі және дамуы Сүтқоректілердің көптүрлілігі

Сабақтың тақырыбы: Көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты: Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы, сүтқоректілердің отрядтарының ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:1.Сүтқоректілер жайлы білімдерін толықтыру
2.Ойлау, салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
3.Сүтқоректілердің отрядтарын сипаттай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:презентация «Сүтқоректілердің көптүрлілігі», Венн диаграммасы, кестелер, сызба, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Абай және Мағжан поэзиясындағы үндестік

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы.
ХХ ғасырдың басы, әсіресе, жиырмасыншы – отызыншы жылдар маман ғалымдардың зерттеуі бойынша қазақ әдебиеті тарихындағы қиын да, күрделі кезең делініп жүр. Өйткені жаңа қоғамдық формацияның орнауы, мерзімді баспасөз бен баспа өнімдерінің көптеп шыға бастауы, сан түрлі ғылым салаларына арнап ана тілінде оқулықтар жазу, басқа тілдерден енген неологизмдерді аудару қажеттілігі сол кездегі зиялы қауым алдына әдебиет пен тіл саласының негізгі қорын жасау міндетін қойды.
Жалпы адамзаттық көркем ой көгіне өрмелеген Абай көп білімді өз бетінше ізденумен тапқанын білеміз. Ал, Мағжан азды – көпті арнайы мектептер өткен ақын. Өлең жүйесінің тереңнен тамыр тартуы арқылы Абай ұлы реформатор болды. Алдында адастырмас Абайдай жарық тұрғанда Мағжанның тіл «Категориясына» үңілмеуі мүмкін емес.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті Абай үлгісі еді. Ұлы Абай сусындап дамытқан халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін Мағжан да еркін меңгеріп, өзінің сұлу көркем поэзиясына үлгі тұтты. Мағжан сөздің сыртқы түрін әдемілеп қана қойған жоқ, әдемі сөзден әсем, әсемнен сұлу суретті сөз өрнегін жасауға тырысты, өз халқының бай поэзиясы негізінде сезімтал жүрек үнімен жаңаша мазмұнда өз жырларын жазады.
Ал, Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман – мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын – әрине оның поэзиясы, асқақ шабыттың қуаты мен жүрегін жарып шыққан, иненің жасуындай жасандылығы жоқ өлеңдері, «Жалын мен оттан жаралған» сөздері.
Абай мен Мағжан шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып – түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой – арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгі келешегімізді бағдарлаймыз. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғ дыбысы және әрпі

Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға баулу.
Тәрбиелігі: Еріншектікке жол бермеу және қанағат ете білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Таға. қанағат

Себепті оятушы
Қызығушылықты ояту
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0