Курстық жұмыс: Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

КІРІСПЕ
Психологияда жеткіншек жас кезеңі ең күрделі және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын жас кезеңі болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа проблемаларды шешуі керек. Бала бұл проблемаларды өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологі және педагогтар жеткіншектерге жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде жеткіншек жас кезеңі бала өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипатталатыны атала отырып оны зерттеуге үлкен көңіл береді. Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, И.С.Кон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінің психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, жеткіншек жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Туберкулез

Туберкулез
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика және менеджмент | 1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес Еуропа, Батыс елдерінен анағұрлым артта қалуда.
“Қазақстан банк жүйесі туралы”жазған курс жұмысымда негізгі төрт бөлімді қарастырдым.
Бірінші бөлімде Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері, яғни бұл жерде банк жүйесі деген не, оның құрылымы және ерекшеліктері туралы жазылған.
Екінші бөлімде 1930 – 32 ж. несие реформасы, бұл жерде несие реформасының жүргізілу себептері, мақсаты, алғы шарттары жазылған.
Үшінші бөлімде түбегейлі банк реформасы – мүнда банктік реформа нәтижесінде....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): География | Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев

Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Кіріспе
Әрбір тарихи кезең өзіне сай көсемдері, шешендері, батырлары, бастаушыларды іріктейді. Олар қоғамдық өмірдің «тар жол, тайғақ кешулерін»табандылықпен бастан өткізіп, жалындай жанып, жұлдыздай жарқырап, келешек мәселелерін елінің, жерінің, туған халқының мәңгілік мүдделерімен байланыстыра біледі. Отан болашағы алдындағы жан-жақты жауапкершілік, адамгершілік, ақыл, парасат, қажырлы қайрат, шебер ұйымдастырушылық қабілет таныта білген тұлғалар тарих төрінде, тарихи жадыда қала береді.
Біздің Ғаниымыз қазақтың Ғани Мұратбаевы осы алып тұлғалар тобында. Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі болған қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер күшпен ақыл –парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Мысық үй жануары

Зерттеушілік жұмыстың мақсаты: Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру
Тaқырыптың өзeктiлiгi: Бұл тақырыптың өзектілігі мысықтардың қыр - сырын көбіміз біле бермейміз. Адамдар мысықты сиқырлы жануар деп те есептеген. Мысыққа қатысты ырымдарда бар. Оның емдік қасиеті туралы да зерттелген және ашылмаған тұстары да баршылық. Сондықтанда бұл зерттеу жұмысым өз мысығымды бақылау арқылы мысықтардың сырларын ашуға бағытталған.
Жоба міндеттері:
- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы
мәлімет жинастыру.
- өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару
Зерттеу объектісі: өзімнің «Нуна» атты мысығым......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” педагогикалық қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет тұрғандығы, яғни - білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу, тәжірибеге енгізудің негізгі принциптері көрсетілген. Тұжырымдамада мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігі айтылған [1].
Талаптарды орындау үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0