Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Жұмбақ есептер

Ғылыми жұмыстың міндеті: ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру
Жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы

Астрономия – табиғат жөніндегі ең бір қызықты және тамаша ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мега дүниенің алыс өткенін де зерттейді, сондай - ақ болашақ Ғаламның ғылыми суреттемесін жасауға мүмкіндік береді. Аспан денелерінің температурасы, химиялық құрамы, магниттік өрісі, сондай - ақ олардың қозғалыстары жөніндегі мәліметтер спектрлік бақылаулар арқылы алынады.
Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі. Ол адам баласының өмірлік қажеттіліктеріне қарай, басқа ғылымдардың бәрінен бұрын пайда болған.
Ерте кездің өзінде - ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз Күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде - ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Этнопедагогика

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аталған еңбектердің маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлім-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық.
Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру”
(1-4 сыныптар бойынша) атты шығармашылық зерттеу тақырыбымның өзектілігіне айғақ болды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары (7 сынып, I тоқсан)

Пән:География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Сабақ тақырыбы:Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары
Сабақтың мақсаты: • Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу;
• Географиялық дерек көздерімен жұмыс істеу (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар)......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғат және қоршаған орта Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7
Сабақ тақырыбы:Табиғат және қоршаған орта, Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
А4 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Таныс сөздерден құралған қарапайым кейбір сөздердің мағынасын түсінеді. Мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріп, қысқа диалогке қатысады.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады.
Кейбір оқушылар:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке еркін қатысады ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Топырақ

Аннотация



Мен жазған курстық жұмысымның тақырыбы:
«Топырақтың адамзат үшін маңызы»
жұмыс 3 бөлімнен тұрады.


Бірінші – кіріспе бөлімінді адамзаттың топырақты игеруі, оны егіншілікке пайдалана білуі.

Екінші – негізгі бөлімінде топырақтың егіншілік пайдалану, топырақтың пайдалы қазбалардыіздеудегі маңызы және топырақтың түрлеріне байланысты олардың құнарлығының әртүрлі болуы туралы жаздым.

Үшінші бөлім – Қорытынды бөлімінде қазіргі уақытта топырақтың құнарсыздануы.

Топырақ құнарлығы қабілетін арттыратын әртүрлі тыңайтқыштар туралы жаздым.


.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Оғызнама Сыр бойында туған шығарма

Екінші, осы «Оғызнама» шығармасы қай дәуірде туған асыл мұра? Үшінші, «Оғызнама» дастанын бірсыпыра зерттеушілер «аңыздық дүние» деумен келеді. Неге бұлай бұрмаланып айтылады? Төртінші бұл дастан негізінен бүгінгі ұрпаққа ауызша жеткен бе, әлде жазбаша түрде түскен бе, кезінде хатқа түскен бе? Бесінші, сол дүниені эпостық шығарма деп айта аласыз ба? Алтыншы, «Оғызнама» дастанындағы Оғыз қаған деген кім, тарихи тұлға ма, әлде аңыздық кейіпкер ме? Жетінші, осы дастанның негізі арқауы – Оғыздар қайдан шыққан, олардың өмір сүрген жері, заманы қайсы? Міне, осылай тізбектелген өзекті сұрақтарды тіркей беруге болады.
Бірақ, осы сауалдардың көбіне қазіргі таңға дейін әлі тұжырымды, толық жауап қайтарылған емес. Адалына көшсек, «Оғызнама» дастаны түркі тілдес халықтардың мұрасы екенін шет ел ғалымдары ашып, айтып берді. Осы зерттеу еңбекке ғылыми түрде жауап қайтаруды мақсат еттік......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Киіз үйдің құрылысы

Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: Қазақ халқының ғасырлар бойғы көшпенді тұрмыс – тіршілігіне, салт - дәстүріне сай қалыптасып, жалғасын тауып келе жатыр Ата - баба дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы. Жұмыстың мақсаты киіз үйдің құрылысымен, оны құру дәстүрімен таныстыру, ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан мұраларымызды жаңғырту
Киіз үй[1] — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0