«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі!» Қайрат Нұртастың киелі сахнаға шыққандағы халықпен амандасуы әуел бастан осылай қалыптасты. Қайрат – өзге тілден бұрын, өз тілін құрметтейтін, өз елінің мәдениетін өзге мемлекеттерге дәріптей алатын тұлға. Оның шетелге шыққанда тек қазақ тілінде жеке концерт беретіні қайсыбір өнер жұлдыздары үшін үлгі болатындай-ақ дүние.
Бүгінде Қайрат Нұртас тек қазақ тілінде ғана ән айтып жалпақ жұртқа танымал болуға болатынын дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы ол Ресейдің Орынборына барып, тек қазақ тілінде жеке концертін берді. Сол кездері Ресейдің БАҚ өкілдері Қайраттың Орынбор халқының жүрегін қазақша әндерімен баурап алып, сахнаны «жарып» жібере жаздағанын жарыса жазды. Бір бұл емес, ол көптеген елдерде қазақтың мәртебесін асырып жүр.
Жалпы, Қайрат Нұртастың өзіндік феномені әлдеқашан қалыптасқан. Санамалап көрсек, ол тек қазақ тілінде сөйлейді, қазақша ойлайды, қазақша ән айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол қазаққа.....
Әнші балапан Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер. 1 - жүргізуші: Көңілдері марқайып бір қалсыншы Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы. 2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын. Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген. 1 - жүргізуші: Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді. Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?
2 - жүргізуші: Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық. Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ------------------ ағайға береміз. Сахнада ән сап жүреді Радамирді бәрі біледі Қазіргі бізге тартуы Әсем ән «Бала тілегі» «Бала тілегі» әнімен Айтасқызы Радамирді қарсы алыңыздар. .....
Қазақстандық жұлдыздар да Валентин күнін айналып өтпей, сүйіктілерін құттықтауға асықты. Бір құшақ гүлін қолына алып, ғашығына жылы сөздерін арнаған әртістер суреттерін әлеуметтік желіге жариялап та үлгерді.
Ернар Айдар концерті кезінде шпагатқа отырып, оның өнерін тамашалауға келген халықты таңғалдырды. Танымал әншінің өлең соңында мұндай ерекше қабілетін көрсететінін оның жанкүйерлері мүлде күтпеген деп жазады nur.kz.
Қайрат Нұртастың "Ауыртпа Алла анамды" әніне түсірілген бейнебаяны жұрттың көңілінен шықты. Әншінің бұл клипіне барлық отбасы мүшелері де түскен деп жазады nur.kz.
Қазақ әншілерінің өзге елдің әндерін көшіруі тым жиілеп барады. Қырғыз әндерін көшіріп алуға құмар шоу-бизнес өкілдері енді армян әндеріне көз тіге бастады, деп жазады oinet.kz порталы.