Жуырда ғана "тыңдармандарымды елең еткізетін жаңалығым бар" деген Айгүл Иманбаеваның желіде сүйіктісімен түскен суреті пайда болды. Әншіні қапсыра құшақтап тұрған ер адамның түрін смайликпен жауып қойған, деп хабарлайды nur.kz.
Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды nur.kz.
Қазақ халының сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев соңғы кезде Instagram парақшасында балалық шақтағы суреттерін жиі жариялап жүр. Ел сүйікті әншілерінің еш жерде жарияламаған суреттерін көргенде, Мейрамбектің бала кезде көрікті болғанын жарыса жазуда. nur.kz порталы бүгін оқырман назарына Мейрамбектің жас кезіндегі суреттерін ұсынады.
Желіде Төреғалидің фототүсірілім алаңында би билеген видеосы пайда болды. Әншінің “майысып” түрлі қимыл жасағанын көрген желідегілер күлкіге қарық болғандарын жасырмады, деп жазады Stan.kz.
Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды nur.kz порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.
Кез келген жайтқа сын көзбен баға беріп отыратын жұрт Ерке Есмаханның кезекті суретін де назардан тыс қалдырмады. Олар әншіні бұл суреті үшін жерден алып, жерге салып, оның жүдеп кеткенін де байқап қойды, деп хабарлайды nur.kz.
Қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналдардың бірі отандық ең қалталы өнер иелерінің тізімін жариялады. Әншілердің концерттен, сатылған дискі мен тойдан түскен табыстарын есепке алған.