Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шаханов поэзиясының әлемі

М. Шаханов поэзиясының әлемі
Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбіт күн жасасын әлемде

Батыр ел үшін туады,
Елі үшін өледі.
Халық мақалынан
Қаһарман қайсар рухты қазақ елі батыр халық.Ол шірене қалса,асқарасқар тауларына сүйенеді,айқын щалқар көліне,кең байтақ жеріне одан кейін азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай бірлігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Аяулы мен Әлия мен Мәншүгімді,-деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім.Мәншүк Маметованың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды.Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
7.2.3.2 түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің орта ғасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау
7.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін бағалайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Халықтың сәлемі)

Домбырасын серік қып
Өткізді Жамбыл ғасырды.
Өлеңді төгіп, өрнектеп
Асулардан асырды.
Қара терге малынып,
Еңбегі кетіп далаға,
Тойса тойып тамағы,
Тоймағанда аш жүрді.
Қалың халық көтерген
Өмірдің ауыр, зіл, тарын,
Жылдан жылға тасыды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Исламның әлемге таралуы

Жалпы, әулетінің билеуі кезінде сыртқы шлоуыларда арай әскерлері негізінен жеңіске жетіп отырғап. Осы мәселеде кейбір ислам дінінің беделін көтеруді ойлаушылар мұны ислим дінінің басқа дінге қарағанда артықшылығында деп көрсеткісі келеді. Біз қашанда барлық мәселені сол дәуірдегі тарихи жағдайлармен байланыстырып қарауымыз керек. Өйткені, ислам дінінің кей жерде күшпен өндірілгенін теріске шығарғысы келетіндер де бар. Шынына келгенде Пайғамбарымыз ислам дініне қарсылық еткен кейбір тайпаларды найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорқытып кіргізбегенде ғасырлар бойы сеніп келген дінінен бір емес, екі емес, мыңдағанын адамдардың бірден кіруі мүмкін бе еді? Әрине, мүмкін емес".Егер біз тарихи шындық тұрғысынан қарамасақ, жалған мақтаумен ислам дінінің беделін көтеру орнына түсіріп аламыз. Ал тарих ешқашан бұрмалағанды көтермейді. Дәл осысияқты ислам діні де, жамап-жақсағанды қаламайды, өйткені ол жауынгер дін. Олай болса, араб әскерлерінің жаулау саясатындағы негізгі жеңіске жеткізген нәрсенің бастыларының бірі сол кездегі екі ірі державалар: Византия мен Иранның ішкі өміріндегі бытыраңқылық, қайшылықтардың өсуі, олардың өзара ішкі тартыстарының салдары еді. Осындай жағдай салдарынан әбден әлсіреген олар арабтарға қарсы тұра алмады. Кей жерлерде жоғарыда айтқандай салық, пен қанаудан қиындық көріп титықтаған халық тіпті арабтарды басқыншы емес, Византия мен Иранның теникісінен құтқарушы ретінде қабылдады. Олар ислам дініне енгендердің салықты аз төлейтіндерінен көптен хабардар болаты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Айналамыздағы әлем туралы қарапайым өлеңдер оқу (3-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Айналамыздағы әлем туралы қарапайым өлеңдер оқу (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызбалар таңдау/ сипаттау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сипаттайды.
Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сипаттайды.
Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді және сипаттайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0