Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу. Пайдалы кеңестер: Жүннен жасалған бұйымдар-Ревматизм, остеохондроз, радикулит т\б ауруларға ем. Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Қойдың жүні екіге бөлінеді. 1. Жабағы жүн – күн жылып, мамыражай уақытта, яғни жаз айларында қойдың жүнін қырқып алынады. Жұмсақ, қылшығы ұзын, бұйра нәзік болады. Жіп иіріп кілем тоқуға, киім тоқуға, күзем жүнге араластырып киіз басуға қолайлы. 2. Күзем жүн – күз мезгілінде қой жүнін қырқып алынады. Жабағы жүнге қарағанда қылшықтары қысқа болады. Орындалу әдісі: видео, киіз басу, бұйым тігу. Қорытынды: Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай киіз басу технологиясын қолданып, киізден кәжекей, бас киім, аяқ киім өңдеп, ұсынып отырмыз......