Өлең: Елім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жылқышы қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сүйген қызым жылқышы, аты Жібек,
Ойлай-ойлай сол қызды кеттім жүдеп.
Көргенімше Жібекті тыным таппай,
Мазасынан айырылды қайран жүрек.

Қайырмасы:

Жібек қыздың ажары
Құлпырады жібектей,
Қара көздің жанары,
Жүргізе ме жүдетпей......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ұстазды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қос қанатым бар деуші едім,
Өшіріп алдым біреуін,
Судан өттім салменен.
Жылайды деп сөкпе, жұрт,
Өмірің өтті зарменен.
Жылқы ішінде құлықпын,
Майлықпенен сулықпын.
Жыламай қайтып шыдайын,
Зарлықпенен мұңлықты.
Екінті намаз бесінті,
Белдеуден тұлпар шешілді.
Кешеде жүрген қарғам-ай,
Бейішке қарай көсілді.
Есіктің алды күрке еді,
Күркеден атым үркеді.
Жарқырап жүрген қарғамның
Топырақ бетін бүркеді.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Асылым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Толқын ойнап,көлдің беті желдетті,
Көктем келді,нөсерлетті, сөлдетті.
Көрдім дағы найзайдың жасылын,
Сені ойладым жарқылдаған асылым.

Жаз да шықты, жердің жүзін жайнатты,
Тау-тоғай да бұлбұлдарын сайратты.
Зорға басып жүрегімнің тасуын,
Сені ойладым келеді деп асылым. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ағажан-Ләтипа (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,
Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.
Күлше берген баладай алдай түсіп,
Бер жағыңмен әшейінкүлімдейсің.

Ағажан Ләтипа,
Гүлмайдан Ләтипа,
Бір қиял, бір зиян,
Беу-беу Ләтипа!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Махаббат вальсі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Таң атқанда гүл бағын суарамын,
Күнде ертемен өзеннен су аламын.
Алтын сәуле көремін сол бір шақта
Сенің нұрың болар деп қуанамын.

Қайырмасы:
Жаным деп маған үн қатқан,
Жүрекпен сүйіп ұнатқан.
Бақытым менің,
Таппаспын теңін-
Бахаббат гүл атқан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадишаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балуан еді-ау бармағың,
Алашқа мәлім аруағың.
Ата-анамды айтып жылайын,
Тартынбай сөйле, тіл-жағым.
Сөз сөйлейін биссимилла,
Ал, жамағат, сөз тыңда.
Аузымнан қате сөз шықса,
Елім мен жұртым мін қылма.
Қызыл да тілім сынбайын,
Шаршаған жерде тынбайын.
Қорлықпен кетті-ау ата-анам,
Жыламай қайтіп шыдайын!
Биссимилла деген сөз басы-ай,
Таусылмас жылау көз жасы-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0