Өлең: Мамырбек Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жер жарған атың Мамырбек,
Ханымың қалды бәйшешек.
Еженнен алдың Қызылтас,
Тұқымың дегдар қаракөк.
Арғы атаң сенің Көгедай,
Тараған ұрқың көп еді-ай.
Алты арыс, төрт төңірек,
Бір мамаң білсін деп еді-ай.
Билеген мамаң талайды,
Жол ашып көрдің талайды.
Сізге өлшем қылсам, жетер ме,
Сүлеймен мен Малайды?!
Өз әкеңіз—Жанымқан,
Ордаңа келген мың мен сан.
Қайраны тиіп халыққа,
Жалған ба сөзім, анық па?
Ханымын қажыға апарған....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Аққу едім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де сері, ей қалқа, мен де сері, ахау,
Шын сүймесем көңілімді бермес едім, дариға.
Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау,
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қызыл бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Міржақып Дулатовтың өмірбаяны

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.
«... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ыбырай шығармаларындағы

Кіріспе

«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше
үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».
(Ы. Алтынсарин)
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.
Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.
Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Бөпешім менің ұға ма?(Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның
Сақылдап сен де күлерсің,
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңды білерсің.
Әлди, балам, әлди-ай,
Апаң айтқан ән-күй-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Өлең: Дариға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дариға-ай, сылаң қағып, бұраңдайсың,
Дүние өтер десем тіл алмайсың,
Дариға-ай.
Алтайы құмнан қашқан түлкідейін,
Қалқатай қолға түспей бұлаңдайсың,
Дариға-ай.

[Қайырмасы]
Дариға-ай, қалқам, жанарым,
Сені іздеп қайдан табамын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жиырма бес (Қазақ ауыз әдебиеті)

Беріп кет сақинаңды мыс та болса,
Жүрейік күліп-ойнап қыс та болса.
Таста да етігіңді байпақшаң кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса.

Аха-хау, жалған,
Жиырма бес қайта айналып,
Дүние-ау келмес саған......
Өлеңдер
Толық
0 0